Осыдан бір апта бұрын Алматы облысына арнайы іссапармен Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев келген болатын. Алдымен ол Қонаев қаласында облыс бойынша су ресурстарын тиімді пайдалану және ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізіп, одан кейін Қарасай жеріне келді. Қанат Алдабергенұлының біздің ауданға ат басын бұрудағы басты себебі – Жібек жолы ауылындағы «ПК Алтын таға» кешенінің …
Жаңа Конституция жобасында некенің ер мен әйелдің арасындағы заңды түрде тіркелген, ерікті әрі тең құқықты одақ ретінде нақты айқындалуы — қоғамның дәстүрлі құндылықтарын сақтауға бағытталған маңызды норма деп санаймын. Бұл ұстаным отбасы институтының тұрақтылығын нығайтып, ұрпақ тәрбиесінің берік негізін қалайды. Балаларға қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеудің ата-ананың әрі құқығы, әрі міндеті ретінде бекітілуі — отбасындағы …
Жаңа Конституция жобасында заң шығарушы билік жүйесінің түбегейлі өзгертіліп, екі палаталы Парламенттің орнына Құрылтай атты біртұтас орган құру ұсынылуы — елдің саяси дамуына тың серпін беретін маңызды қадам деп есептеймін. Құрылтайдың парламенттік, кадрлық және бақылау қызметтерді қатар атқаруы мемлекеттік басқарудың ықшам әрі тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған. Бұл бастама шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, билік тармақтары арасындағы …
Жаңа Конституция жобасында қос азаматтыққа қатысты норманың нақты бекітілуі — мемлекеттің егемендігін нығайтуға бағытталған орынды әрі уақтылы шешім деп санаймын. Азаматтың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан азаматтығының тоқтатылуына әкелетіні туралы талап әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін айқындай түседі. Бұл ереже, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік мүддені қорғауға қызмет етеді. Себебі екі елдің азаматы болу …
Жаңа Конституция жобасында вице-президент институтының нақты айқындалуы — мемлекеттік басқару жүйесіндегі сабақтастық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам деп есептеймін. Президент қызметі мерзімінен бұрын тоқтаған жағдайда, барлық жауапкершіліктің вице-президентке өтуі билік вакуумының алдын алып, ел басқаруда үзіліс болмауына мүмкіндік береді. Бұл норма саяси жүйенің болжамдылығын арттырып, төтенше немесе күтпеген жағдайларда мемлекет институттарының бірқалыпты жұмыс …
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі — елдің егемендігі мен ұлттық болмысының басты тірегі. Бұл норма даусыз әрі стратегиялық маңызға ие. Сонымен қатар, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілінің ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылуы — көпэтносты қоғамның тарихи қалыптасқан шындығын ескеретін, азаматтардың құқықтарын шектемейтін теңгерімді қадам. Бұл қоғамдық келісім мен әлеуметтік …
Конституцияның жаңа жобасында құқықтық көмекке қатысты норманың қайта қаралуын маңызды әрі екіжақты мәні бар өзгеріс деп бағалаймын. Бұрын «әркімнің тегін заң көмегін алуға құқығы бар» деген жалпы норма болған еді, ал жаңа редакцияда тегін құқықтық көмек тек заңгер жалдауға мүмкіндігі жоқ азаматтарға көрсетілетіні нақтыланған. Бұл өзгеріс мемлекеттік ресурстарды мақсатты әрі әділ пайдалануға бағытталған деп есептеймін. …
Конституцияның жаңа жобасында мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты енгізіліп отырған өзгерістерді орынды әрі өзекті деп санаймын. Әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар тұлғалардың мемлекеттік қызметке сайлануына тыйым салынуы — қоғамда әділдік пен сенімді нығайтатын маңызды қадам. Бұл норма билікке адал, таза әрі жауапты азаматтардың келуіне жол ашып, жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар Президент болуға …
Конституцияның жаңа жобасында білім беру жүйесінің зайырлы сипатының нақты айқындалуын қолдаймын. Бұл норма — көпұлтты, көпконфессиялы Қазақстан қоғамы үшін аса маңызды. Зайырлы білім беру әрбір баланың дүниетанымына, діни сеніміне қарамастан, тең әрі сапалы білім алуына кепілдік береді. Міндетті білім беру аясын бастауыш деңгейден бастап белгілеу — болашақ ұрпақтың тағдырына жауапкершілікпен қараудың айқын көрінісі. Баланың оқу, …
Қазіргі таңда Конституция тақырыбының қоғамда кеңінен талқылануы — дұрыс әрі оң үрдіс деп ойлаймын. Бұл әрбір азаматтың елдің құқықтық және саяси жүйесіне белсенді қатысуға ұмтылатынын көрсетеді. Білім беру жүйесінің зайырлы сипатының Конституцияда нақты көрсетілуі — ғылым мен білімнің еркін дамуына берік негіз болады. Сонымен қатар, міндетті білім беру аясын кеңейту, әсіресе бастауыш және орта деңгейлерді …










