Мемлекеттің саясатын іске асырумен қатар, өз білімін жан-жақты жетілдіру – мемлекеттік қызметші үшін қашанда жарасымды қасиет. Әсіресе, рухани жан дүниесін байытып, дүниетанымын арттыруды көздейтін мамандарға кітап оқу олардың жұмыс барысына пайда әкелмесе, зияны тимейтіні анық. Осындай қасиеттерімен дараланған қарасайлық мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесі мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында осы аптада аудандық орталық кітапханада «буккроссинг» жобасы негізінде іс-шара ұйымдастырды.
Санитарлық талапқа сай өткен акцияда Қарасай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі мен заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімдері өздері оқыған кітап-тарын бір-біріне сыйлап қана қоймай, әріптес-терінің атынан оқырмандардың орталығына түрлі жанрдағы кітаптарды табыс етті.
Аталмыш іс-шараға атсалысқан мемлекеттік қызметшілерден бөлек, «Буккроссинг» жобасы аясында, аудан бойынша мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаратын мамандардың арасында да дәл осындай акция ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Мәселен, Қаскелең қалалық және басқа да ауылдық округте қызмет ететін қызметшілер де аудандық орталық кітапханаға келіп, өздерінің оқыған оқулықтарын табыстап, акцияға бір кісідей атсалысты.
Осылайша мемлекет алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып жүрген мамандар кәсіби мерекелерінің қарсаңында жақсы бір бастамаға себепші болды. Олар өзгелерге ой салып қана қоймай, оқырман орталығының кітап қорын толықтырды.
Д. МУХАМАДИЕВ.
Буккроссинг: мемлекеттік қызметшілер кітап алмасты
Главная » [:ru]Новости[:kk]Жаңалықтар[:] » Мемлекеттік қызмет » Буккроссинг: мемлекеттік қызметшілер кітап алмасты