Қазақстан Республикасында сот қызметкерлерінің қызметтік әдебі мен мінез-құлқы құқықтық мемлекет қағидаттарына сай реттеледі. Бұл талаптар ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі негізінде айқындалады.
Сот қызметкерлерінің этикасы – бұл олардың кәсіби қызмет барысында және қызметтен тыс уақытта сақтауы тиіс моральдық-құқықтық нормалар жиынтығы. Аталған нормалар қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға бағытталған.
Негізгі қағидаттар: 1. Заңдылық қағидаты. Сот қызметкерлері өз қызметін тек заң талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті. Олар заң үстемдігін қамтамасыз етіп, кез келген заң бұзушылықтан аулақ болуы тиіс.2. Адалдық пен әділдік. Қызметкер өз міндетін адал орындап, қандай да бір жеке мүдде мен ықпалға жол бермеуі керек. Әділдік – сот беделінің негізгі тірегі. 3. Бейтараптық. Сот қызметкері қандай да бір тарапқа артықшылық көрсетпеуі тиіс. Барлық азаматтарға тең қарау – басты талаптардың бірі. 4. Сыпайылық және әдептілік. Азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, олардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу – міндетті норма. 5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық. Қызметкерлер пара алу, заңсыз сыйақы немесе артықшылықтардан толықтай бас тартуы тиіс. Бұл талап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң аясында қатаң бақыланады. 6. Құпиялылықты сақтау. Қызмет барысында алынған ақпараттарды жария етпеу – кәсіби міндеттің маңызды бөлігі. 7. Қоғам алдындағы жауапкершілік. Сот қызметкерінің әрбір әрекеті сот жүйесінің беделіне әсер ететінін ескере отырып, ол өзін жоғары деңгейде ұстауы тиіс.
Сот қызметкерлерінің қызметтік этикасы – сот төрелігінің сапасын қамтамасыз ететін маңызды құрал. Этика нормаларын сақтау азаматтардың сотқа деген сенімін арттырып, құқық үстемдігін нығайтады. Сондықтан әрбір сот қызметкері кәсіби қызметінде ғана емес, күнделікті өмірінде де жоғары адамгершілік қағидаттарды ұстануы тиіс.
А.Досниязова,
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі манадандырылған
ауданаралық сотының әкімшісі басшысы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)