Бүгін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Қоғамдық келісім және даму орталығы Қарасай ауданы аумағындағы өзге этнос өкілдерінің орталықтарымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қоғамдық қатысу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат беріліп, түсіндіру және ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, заңнамадағы жаңалықтардың күнделікті өмірге тигізетін ықпалы нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
