«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қаскелең қаласындағы Жайлы мектебінің педагогтерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасындағы құқықтық тепе-теңдік тетіктерін түсіндірді.
Кездесуде тәуелсіз Конституциялық Соттың құрылатыны және оның заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін тексеру құзыретіне ие болатыны айтылды.
«Конституциялық Сот – құқық үстемдігінің негізгі тірегі. Ол қабылданатын заңдардың Конституцияға сәйкестігін бағалап, билік тармақтарының теңгерімін қамтамасыз етеді. Бұл – саяси шешімдердің құқықтық сүзгіден өтуін қамтамасыз ететін маңызды институт», – деді коалиция мүшесі Карбозова Бигайша.
Кездесу соңында педагогтер референдумның елдің құқықтық болашағын айқындайтын маңызды кезең екенін атап өтті.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
