Жеке сот орындаушылардың қызметі, әрине тиімді. Ал енді қызмет ерекшеліктеріне келер болсақ, жеке сот орындаушылар өзінің қызметін ҚР Әділет департаменті берген мемлекеттік лицензиясы негізінде жүзеге асырады. Өз қызметін өзі қаржыландырады. Қаржыландыру көзі борышкерден өндірілген қаржыдан құралады. Үкіметтің қаулысы бойынша жеке сот орындаушылар әрбір қызметі бойынша қандай көлемде қызмет ақысын ала алатындығы белгіленген. Өндірілетін сомасына қарай 3 пайыздан 25 пайызға дейін алады. Жеке сот орындаушыларының қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2014 жыл 4 мамыр №437 қаулысымен бекітілген.
Жеке сот орындаушылардың жұмысы Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі туралы заңда нақты белгіленген Жеке сот орындаушылар жұмысы ҚР Әділет министірлігімен қадағаланады. Соңғы бірнеше жылдан бері еліміздің сот, құқық саласында оңды реформалар жүріп жатыр. Қазір бұл өз жемісін беріп жатқаны қоғамдағы өзгерістерден де байқалып отыр. Расында заң қатал болса, адам баласы оны жауапкершілікпен сезіне білсе, онда қоғамда тұрақтылық болады. Қылмыс та болмайды, бейбіт жағдайда тыныш өмір сүреміз. Ең басты мәселе – адам мен оның қауіпсіздігі. Сондықтан да басты негізгі құжат Конституция – біздің кепіліміз. Ал заңдар заман ағымына, қоғам сұранысына қарай өзгеріп, толықтырылып отырады.
Сот саласының кейбір қызметі бүгінде жекеге берілген. Ол қандай сала? Атап айтқанда, жеке сот орындаушылардың қызметі. Ал құқықтың бұл саласы неліктен жеке сот орындаушыларына берілді. Бұған дейін бұл сала мемлекеттік сот орындаушыларында болды? Ал жекенің қандай артықшылықтары бар? Бұл туралы әңгіме кейінірек.
Жалпы мемлекеттік сот саласына жеке сот орындаушылары институтын енгізу туралы Президент қол қойған Жарлық 2009 жылғы тамызда жарыққа шықты. Ал бұл мәселе 2010 жылы алдағы 10 жылға арналған, яғни 2020 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында айтылды. Сонымен қатар, аталған ережені Президенттің «100 нақты қадам» ұлт жоспары да толықтырды. Мұнан кейін «Жеке сот орындаушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы ереже» жарияланды. Мұның барлығы – бір-бірін толықтырып, сабақтастырып тұрған заңдар.
Жеке сот орындаушылар институтының мәртебесі туралы әңгіме құқықтық саясат тұжырымдамасында бәрінен бұрын атап көрсетілгендіктен, біз осы мәселені алдымен сөз етпекпіз. Негізінен 10 жылға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында заңдық мәселелер сөз етіледі және осы тұрғыда алдағы уақытта не істелінуі қажет екендігі атап көрсетілетінін айта кеткен жөн. Сондықтан да біз 2010-2020 жылға дейінгі аралықтағы құқықтық саясат тұжырымдамасындағы жеке сот орындаушыларға арналған бапты жолма жол көрсете кетейік: «Сот ісін жүргізудің аяқтау сатысы сот актілерін орындау болып табылады. Сол үшін олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы қажет. Осыған байланысты мемлекеттік сот орындалуымен қатар жеке сот орындаушыларының институтын енгізу – сот ісін жүргізудің тиімділігін арттырудың маңызды шарасы. Сот шешімдерін орындаудың аралас моделі шеңберінде мемлекеттік сот орындаушылары мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі құжаттарды мәжбүрлеп орындату құқығына ие болуға тиіс», – делінген онда.
Жеке сот орындаушыларының алғашқы легі 2011 жылы пайда болса да, 2016 жылдың бастап соттардың қызмет көрсету, талап ету туралы құжаттарының басым бөлігі жеке сот орындаушыларының құзырына берілді. Содан кейін барып жеке сот орындаушы қызметіне қарай ойысатындардың саны арта бастады. Енді бұл түсіндірмеден кейін біз қайтадан жоғарыда өзіміз қойған сауалға қайтадан жауап берейік оралайық. Жеке сот орындаушылары институтын енгізу қандай қажеттіліктен туды? Оның қандай артықшылықтары мен ерекшеліктері бар? Аталған институт өзін-өзі қаржыландырады. Жеке сот орындаушылары мемлекеттен, яғни бюджеттен жалақы алмайды. Олар мемлекет қазынасына қайтарылған қаржыдан белгілі бір пайызын алып отырады. Алимент және төленбеген жалақыны өндіру алу секілді мәселелер орындалған жағдайда ғана оларға сыйақы төленеді.
Жеке сот орындаушыларының қызмет аясы кең: иесі бар, бірақ пайдаланылмай жатқандар жайылым, егістік жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, үйге заңсыз кіргендер, заңсыз жер телімін алғандар, жерге баспана салғандардан бастап, несиесін төлемей қашып жүргендерге дейінгі аралықтағы түйіндерді шешу солардың құзырына кіреді. Оңай жұмыс емес, әрине.
Жеке сот орындаушылары ешкімге тәуелді емес. Олар тек қана заңға бағынады, заңның аясында ғана сот шешімдерін жүзеге асыруға тырысады.
Сондықтан жеке сот орындаушылары қатал болып көрінуі мүмкін. Бірақ олар да – адам. Соттың ақырғы шешімі шықты ма, ол сөзсіз орындалуы керек. Сондықтан жеке сот орындаушылары да көп жағдайда заңның орындалуы үшін борышкерден мүліктің немесе қарыздың қайтарылуын талап етеді.
Жеке сот орындаушылары талапшыл. Олар істі неғұрлым тез әрі жедел аяқтаса, өзіне жақсы. Қайтарылған құнның белгілі бір пайызын өзіне алып отырады. Сондықтан да олар істі жедел шешуге немесе аяқтауға тырысады.
Бұл бір жағынан мемлекеттік орындаушыларға жақсы. Өйткені кешегі күнге дейін олардың жүктемесі көп болып келді. Олар сот шешімдерін аяқтап үлгере алмайтын. Ал жеке сот орындаушыларының жұмысы жүзеге асқалы бері олардың жұмысы сәл де болса, жеңілдеді.
Сот саласындағы екі жүйенің қатар орнауы қазіргі уақытта мемлекетке де тиімді болып тұр. Өйткені жеке мен мемлекеттік сот орындаушылары саласында бәсекелестік күшейді.
Бүгінгі таңда жеке сот орын-даушыларының жұмысы өзінің тиімділігін көрсетіп отырғанын айта кету керек, Қазақстан мемлекеті ТМД елдері арасында жеке сот орындаушылардың институтын алғашқылардың бірі болып енгізген мемлекет. Сондықтан да мұның тиімділігін еліміз ерте көрді.
Расын айтқанда, жеке сот орындаушылары арасында мәселені тез шешетін, пысық, сауатты заңгерлер өте көп. Ал сотқа талап арыз жазып, мәселені тез шешкісі келген адам осындай тәжірибелі, пысық, елгезек жеке сот орындаушыларын өздері таңдайтыны да жасырын емес. Бірақ осы жерде кез келген адам есте сақтайтын бір нәрсе бар: жеке сот орындаушысы қарапайым тілмен түсіндірсек, «шаш ал десе, бас алатын» адам емес. Жалпы олардың әрбір әрекетін мемлекет бақылауға алып отыратынын жасырмауымыз керек. Негізі «Жеке сот орындаушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы» арнайы заң да шыққан. Мұнда жеке сот орындаушыларының құқықтары, міндеттері нақты айтылып, не істеуі керек, қандай жұмыстармен айналысуы қажет, мұнда барлығы да атап көрсетілген. Тіпті жеке сот орындаушысы қызметінен кеткен күннің өзінде мемлекеттік және адамның жеке өміріндегі кейбір деректерді сақтауға және құпия ұстауға міндетті. Жалпы жеке сот орындаушысы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері дейін заңда атап көрсетілген.
Жалпы жеке сот орындау-шыларының жұмысы оңай емес. Бір ғана мысал, дауға себепкер болып отырған адам қызыл сызықтың үстіне үй салған дейік. Бұл үйдің астынан жылу құбырлары өтеді. Бұл жеке тұрғын үй. Қызыл сызықтың үстінде тұрғандықтан ол үй сүрілуі тиіс. Екі тарап мәмілеге келе алмай жүргенде біраз уақыт өтіп кетеді. Мұндай жағдайда түйінді тарқатуға жеке сот орындаушысы келеді. Бірақ оған да қарсы теке тірес басталады. Қайтпек керек? «Өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай», мәселені шешу қажет. Тек заңның аясында шешілетін нарсе. Соңғы кездерде халық арасында да жеке сот орындаушыларға деген көз қарасы басқаша тұрғыда қаралған жоғарыда айтылғандай, «жеке сот орындаушылары көбінесе қалталы телефонға және өзінің жеке кеңсесінде де отырмайды, таппаймыз» деп қоғам осындай дау шығарып жатады. Әрине, халықты да түсінуге болады. Мысалы, айтатын болсақ жеке тұлға мемлекет пайдасына айппұл салынған жағдайда үш жұмыс күн ішінде толенбеген жағдайда сол жеке тұлғаның есеп счеттары бұғатталып шет елге шығуға кедергі болатындығын ескертеміз. Жеке сот орындаушылары үй аралап түсіндірме жұмыстарын жүргізіп мемлекет пайдасына төленетін айыппұлдарды өндіруге де және рейдтік шаралар ұиымдастырады. Қазіргі уақытта онлайн түрде сотқамен қатысып жатамыз. Осындай әрекеттермен халықтың қоңырау шалған телефондарына да жауап беріп те үлгермей жататын кездері болады. Жеке сот орындаушыларға да арыз шағым түсетіндігін айта кеткен жөн деп санаймын. Себебі өндіріп алушылар немесе жауапкерлер, яғни айтқанда мемлекет пайдасына немесе алимент бойынша төлейтін адамдарды айтамыз жауапкерлер деп сол жақтан арыздар түсіп жатады дұрыс орындалмайтындығы және түсіндірме жұмыстары туралы шағымын көрсетіп жатады. Жеке сот орындаушылар заң шеңберінде жұмыс жүргізілетіндігі және тек сот шешімі бойынша орындайтындығымызды айтылмай жататындығын ескертуміз керек. Қоғамның көбісінің көз қарасы тек бір жақты қана жұмыс истейтіндігін түсінеді.
Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесінің 58-бабы бойынша борышкердің басқа адамдарға ақшалай соммалары мен басқа да мүлкінен өндіріп алуға болатындығы да ескертіледі. Онда инкассалық өкім яғни жеке тұлғаның есеп счетынан ақша шешілетіндігі және осы аталған заңнын 39-бабы бойынша атқару құжаттарының орындау мерзімдері де ескертіледі. Ал онда екі айдан аспайтын және құрылыстарды бұзумен технология жалдау операцияларды жүргізумен байланысты атқарушылық құжаттарды орындау бойынша төрт айдан аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс. Егерде өндіріп алушымен жеке сот орындаушы арасында жазбаша келісім болған жағдайда бұл ретте алты айдан аспайтындығы ескертілген. Осы аталған атқару құжаттары қоғамда жеке сот орындаушыларға деген көз карастар өзгеше болып тұратындығын жасырудын қажеті жоқ шығар деп ойлаймын. Барынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуден және Алматы облысының жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Асхат Байчепановпен осы аталған істердің шешімдерімен ақылдасып, ол кісінің Алматы облысының жеке сот орындаушыларына көп деген ақыл-кеңестерін беріп, жұма сайын онлайн түрде жиналыстарда атқару құжаттары бойынша есеп алынып, алдағы уақытта орындалатын тапсырмалар айтылады. Жеке сот орындаушылар халық арасына да түсіндірме жұмыстарын жүргізіп мемлекет пайдасына да көп деген үлестерін қосып жатыр.
Манат ЖҮСІПОВ,
Алматы облысы Жамбыл ауданының жеке сот орындаушысы.
Жеке сот орындаушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы
Home » Жаңалықтар » Заң және біз » Жеке сот орындаушыларының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туралы