Аудан көлемінде ағымдағы жылдың 12-14 тамызында аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының инспекторлары «Балалар түнгі қалада» атты профилактикалық іс-шарасын өткізді. Басты мақсат – жасөспірімдерді қоғамға қарсы әрекеттерге еліктіретін әдеттертен аулақ ұстау, спиртті ішімдіктерді пайдаланатын адамдарды анықтау, одан бөлек, отбасында жасалған қылмысқа, жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелер мен тұрғын үйлерден тыс жерлерде жүруіне жол бермеу. Сондай-ақ, осы аталғандарды негізге ала отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу. Осы міндет-мақсатты орындау үшін түрлі мәселелер бойынша халық арасында ақпараттандыру жұмысы жүргізілді.
Жедел алдын алу шарасында кәмелетке толмаған жасөспірімдер бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Ж.Бейсембаеваның жетекшілігімен жүзеге асқанын да айта кеткен жөн. Профилактикалық іс-шара жоспар бойынша өткізіліп, заң аясында тиісті істер атқарылды. Полиция қызметкерлері тарапынан аудан жасөспірімдеріне бірнеше ескертулер мен ақыл-кеңестер айтылды.
Өз тілшіміз.