16 мамырда «Khama Park» мейрамханасында Абай атындағы мектеп-гимназияның үздік және дарынды оқушыларының І слеті өткізілді. Бұл құрметке 5-11 сыныптан 270 оқушы лайықты деп табылған екен.
Осы білім ұясының 80 жылдығына арналған бұл үлкен іс-шараны гимназия директоры Тұрсын Сайбырова ашты. Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары А. Назарбаева, қоғам қайраткері Е.Жүнісбеков, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы С. Мәсімақынов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қыдыралиев, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Ш.Қанатқұлқызы, аудандық әжелер алқасының төрайымы А. Бекбайқызы, ардагер ұстаз А.Көсемова және т.б. сөйлеп, жас өрендерге ізгі тілегін білдірді, оларға лента тағып, медаль тапсырды. Ал, Елбасының ұстазы, жүз жасаған қадірлі қария Сейітхан Исаев ақ батасын берді.
Салтанатты бас қосуда оқушылар дөңгеленіп вальс биледі, әуелетіп ән салды, шабыттана өлең оқыды!
Б. ЕЛЕУСІЗ.