Үлгілі ұстаздар әулеті саналатын Қыдыралиевтер отбасы №481 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Қыдыралиевтер әулеті – ұрпақ тәрбиесі мен білім саласына өзіндік үлесін қосып келе жатқан, өнегесімен көпшілікке үлгі болған ұстаздар әулеті. Әулеттің үлкені, Қарасай ауданының Құрметті азаматы, Жібек жолы ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Абай Қыдырәліұлы Жұбаниязов бастаған әулеттің 45 мүшесі, яғни ұрпақ өкілдері – ұл-қыздары, келіндері мен немерелері, шөберелері №481 сайлау учаскесіне бірге келіп, дауыс берді.
Білім мен тәрбиені, ел бірлігі мен қоғамдық тұрақтылықты басты құндылық санайтын Қыдыралиевтер әулетінің өмір жолы – жас ұрпаққа өнеге. Отбасы мүшелерінің сайлауға бірге келіп, дауыс беруі – ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның, отбасы бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.

