Қазақстан Республикасы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің техникалық регламенттерді бақылау басқармасының тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша, Қазақстанның тұтынушылық нарығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен Кеден Одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (021/2011 КО ТР), «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (033/2013 КО ТР) және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді Қазақстан Республикасының тұтыну нарығына әкелуге және өткізуге уақытша тыйым салу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде, төменде көрсетілген өндірушілердің өнімдерін уақытша өткізуге және сатуға тыйым салынады:
– «Ақ Сүт» ААҚ өндірген шаруа сары майы (Қырғыз Республикасы, Беловодское селосы, Мәскеу ауданы, Октябрь көшесі, 55);
– «КД Куликовский» ЖШС өндірген «Трубочки пирожноесі», «Құс сүті» торты, «Макарон ассорти» печеньесі, (Қырғыз Республикасы, Аламудунин селосы, Алматы көшесі, 2);
– «Эмилия» ОсОО өндірген майлылығы 45% «Голландтық ірімшік» (Қырғыз Республикасы, Талас ауданы, Қызыл-Адыр селосы, Промышленная көшесі, 1);
– Қырғыз Республикасы, Мәскеу ауданы «Ақ сүт» АҚ өндірген «Шаруа» майы;
– «РИХА» СМ өндірген шұжық бұйымдары (Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы, Лебединовка селосы, Береговая көшесі, 1А).
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша аталған өнімдердің микробиологиялық және химиялық көрсеткіштері бойынша Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы аудан аумағында орналасқан сауда орындарында жоғарыда көрсетілген өнімдердің өткізілуне тыйым салынатынын ескертеді.