Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бір апта бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткені баршаңызға белгілі. Айтылған орнықты ойлар да, алға қойылған мақсат-міндеттер де көңіл қуантарлық деп білемін.
Былтыр, шынымен де, еліміздің экономикалық ахуалы жақсара түскенін байқаймыз. Оның сандық көрсеткішін Мемлекет басшысы да дөп басып айтты, яғни, экономикалық өсім 4,5 пайызға жетті.
Басқа да салада жеткен жетістігіміз аз емес. Әрине, оның барлығы елдің игілігі мен халықтың тұрмыс сапасының өркендеуі жолында атқарылып жатқан істер деп ойлаймын. Міне, осыларды саралаған Президентіміз Қ.Тоқаев жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесіне сүйене келе, болашақтың да бағдары бойынша тапсырма берді.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының дәл осылай өзекті мәселелерді талқылауы іске тың серпіліс, сан сала бойынша нәтиженің артуына септігін тигізеді деп білемін.
Сағат МӘСІМАҚЫНОВ,
Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы.