Біздің басқармада ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің «Аумақтық органдар мен ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың құжаттаманы, оның ішінде рұқсат беру бойынша қызметін регламенттеу туралы» 2014 ж. № 70 бұйрығына сәйкес, барлық құжаттаманы, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын «Бір терезе» қағидаты бойынша қабылдау және беру жұмыстары жүргізілуде. Кіріс құжаттаманы қабылдау және шығыс құжаттамасын беру үшін, басқарма мамандарының жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынысын болдырмайтын, бейне бақылаумен жабдықталған жай бөлінді. Ғимаратқа кіретін жерде рұқсатнамалық режим ұйымдастырылды. Бірінші қабатында қолжетімді орында рұқсат беру құжаттарының тізбесі, оны алуға қажеті құжаттар тізбесі, өтініштерді қарау және мерзімдері орналастырылған хабарландыру тақтасы ілінді, бейнебақылаумен жабдықталмаған жерде азаматтардың шағымы мен өтінішіне арналған жәшік орнатылды. Жемқорлықтың алдын алуда 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жоспар бойынша да басқармада тиісті жұмыстар тұрақты атқарылды. Яғни, мамандардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлер арасында семинарлар, заңды және жеке кәсіпкерлермен ҚР Заңңамалары бойынша дөңгелек үстелдер, заңды және жеке кәсіпкерлермен ашық есік күндері өткізілді. Айына екі рет бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарымен, жеке кәсіпкерлермен басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары кездесулер өткізуде. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрықтар әзірленіп, бекітілді. Қарасай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында 8/7277/2-11-01 «Сенім телефоны» жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңының негізгі қағидаларын білуді насихаттау және қолданыстағы заңнамаларды іске асыру кезеңінде заң бұзушылықты жібермеу мақсатында семинарлар өткізілді, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланды, телеарна арқылы сұхбаттар берілді.
Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында Департаментте тұрғындарға арналған «кеңес беру орталығы» 8 (7282) 30-91-31 және және «қызу байланыс телефоны» 8 800 080 90 85 жұмыс атқарады.
А. САТЫБЕКОВА,
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының
орынбасары.