ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Дүниежүзілік денсаулық күні аясында, «Денсаулық баршаға» атты ұранымен осы саланың қызметтерімен жалпыны бірдей қамту тақырыбында 5 сәуір күні таңғы жаттығу өткізуді жоспарлаған еді. Оған еліміз бойынша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары және тағы басқа белсенді денсаулық сақтау ұйымдары синхронды түрде қатысты.
Шараны насихаттау мақсатында осыдан бір апта бұрын біздің аудандық аурухана қызметкерлері таңғы жаттығу жасап, өз белсенділіктерін танытты. Осылайша, ақ желеңді абзал жандар бір сәттік таңғы жұмыстарын спорттық сергіту қимылдарына алмастырды.
Сондай-ақ, дәл осындай таңғы жаттығуға ұласқан іс-шара ауданға қарасты кейбір мектеп мекемелерінде де синхронды түрде өткізіліп, онда медицина қызметкерлері мен мұғалімдер өз белсенділіктерін танытты.
Дені сау ұлт қалыптастыру жолында баршаға үлгі болар мұндай спорттық іс-шаралардың берері мол деп білеміз.
Дидар МУХАМАДИЕВ.