Тәуелсіздік күні – ұлтымыз үшін ұлы мереке. Осыдан тура 32 жыл бұрын егеменді ел атандық. Азаттықпен бірге ел дамуының жаңа бағыттарын айқындадық. Шекарамыз шегенделіп, ұлттық рухы бар мызғымас мемлекетке айналдық. Тәуелсіздігімізді баянды ету үшін әрқайсысымыз аянбай еңбек етіп, елдің дамуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз.
Тәуелсіздік күні өткен тарихымызға көз салып, қайта бағамдау маңызды. Біз жіберілген қателіктерді ескереміз, өткеннен сабақ аламыз және мемлекеттік саясат пен қоғамдық дамудың барлық бағыттарын мұқият түзете отырып, ағымдағы процестерді объективті бағалаймыз. Ол үшін біз заңды сақтауға, мемлекеттік тәртіпті құрметтеуге, ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарын ұстануға, адам құқықтарын сақтауға және қоғамның поляризациясына жол бермеуге міндеттіміз.
Осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын!
Несіпбала Әбділдаева,
Қарасай аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі.