Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жыл басындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайын-дағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауында да ел алдына үлкен әрі нақты мақсаттар қойылғаны белгілі.
Жолдауда Тұңғыш Президентіміз Қазақстанның дүние жүзіндегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық ілгерілеу жолына бет алғанын атап өтіп, алдағы дамуымыздың он басым бағытын анықтап берді.
Қазіргі кезде кейбір жақсы дамыған елдердің өзі әлемдік дағдарыстан абдырап жатқан кезде біздің мемлекет басшысының тығырықтан шығар жолды әрдайым алдын ала білгірлікпен, көрегендікпен айқындап отыратынына қалай риза болмаймыз!
Ұлт Көшбасшысының мұғалімдердің еңбекақысын өсіру, адами капитал, көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, тиімді мемлекеттік басқару, жемқорлықпен күрес пен заңның үстемдігі жайындағы және т.б. алға қойған міндеттері халық игілігін молайтатын үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын бағыттар екені сөзсіз.
Енді барлығымыз да осы орайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, аянбай еңбек етуіміз керек! Оның ішінде, әрине, біздер, аға ұрпақ өкілдері де бар.
Иә, осындай мақсаттар мен міндеттер тек алға ғана жетелейді.
Елтай ХАСЕНОВ,
Ұмтыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.