Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақында ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласы осы заманғы тарих ғылымына, отандық тарихқа қатысты жаңа танымның, жаңа құндылықтардың көкжиегін анық ашып, көп кеңейтіп берді. Жалпы, тарихқа ешқандай қиянат жүрмеуі қажет. Соның ішінде өзіміздің қазақтың тарих ғылымындағы олқылықтардың орнын толтыратын уақыт жетті деп біз де есептейміз.
Мемлекет басшысы өзінің осы аса маңызды еңбегінде айтып отырғанындай даланы дүбірге бөлеген көшпенділердің «Жеті жетістігі» – Қазақстанның, қазақ жерінде мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген халықтардың адамзаттың дамуына қосқан айрықша, баға жетпес үлесі. Ал, біз осы уақытқа дейін бұл туралы ашып айтуға именіп келгеніміз де рас қой.
Елбасы өз мақаласын: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өйткені, мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп тұжырымдағаны белгілі.
Біздің ендігі міндетіміз мақалада көтерілген бастамалар мен қойылған мақсаттарды ойдағыдай орындап, қоғамды, халықты осы үлкен жолда жұмыла жұмыс істеуге бағыттау болуы тиіс.
Смайыл АТАЕВ,
еңбек ардагері.
Қаскелең қаласы.