Жақында ауданымызға қарасты Алматы облыстық мемлекеттік архиві ғимаратында жемқорлыққа қарсы күрес туралы дөңгелек үстел өтіп, пайымды пікірлер ортаға салынды. Жиынға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Абылай Манабаев, ауданның полиция басқармасынан капитан Ерлан Бекебаев және мемлекеттік архив бас директорының орынбасары Талғат Аблаев, әкімшілік-шаруашылық жөніндегі бас директордың орынбасары Айтжан Серік және басқа да бөлім басшылары мен бірқатар архивистер қатысты.
Дөңгелек үстелдің барысында сыбайлас жемқорлыққа қоғам болып қарсы тұрудың маңызы айтылуымен қатар, бұқара көпшілік болып оған тосқауыл қою және осы жолда өзгелерге үлгі болу сияқты жиынның мақсат-міндеттері де ортаға салынды. Тақырыпқа сай ақпараттың түсінікті жетуі үшін осы жиында бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, баяндамалар да тыңдалды.
Өз тілшіміз.