Өткен аптаның жұмасы күні аудандық Мәдениет үйінде Халықаралық зияткерлік даму институтының директоры, IMEI білім беру комитетінің басшысы, белгілі ғалым, Корея Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару бағдарламаларын әзірлеуші, профессор Джо Гю Юнпен кездесу өтті. Шетелдік ғалым қатысушылар үшін арнайы дәріс оқыды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және оған деген жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету бойынша және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытына арналған шараға аудандағы мемлекеттік қызметшілер, жастар және студенттер қатысты.
Оның дәрісі тек «MIND» халықаралық журналының білімі мен жеке бақытқа ғана емес, сонымен қатар әр адамның ойлауы бүкіл елдің тағдырына қалай әсер ететініне де арналды. Профессор Джо Гю Юн Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келді. 1945 жылы ғана тәуелсіздікке қол жеткізіп, жапон отаршылдығы мен азамат соғысының салдарын жеңуге мәжбүр болып, әлемдегі технологиялық көшбасшылардың біріне айналған елдің тәжірибесі табысқа жетуге ұмтылған әрбір адамға үлгі бола алады. Алдына қойған мақсат пен оған жетуге деген ұмтылыс Оңтүстік Кореяға ойлау жүйесі мен өмір салтын өзгертуге, сөйтіп тамаша серпін жасауға мүмкіндік берді. Профессор Юнның айтуынша, кедейшілікті жеңіп, дамыған елге айналу үшін, дұрыс ойлауды өзгерту қажет. Сананың кеңеюі, дұрыс ойлау, дұрыс қарым-қатынас жасау және өз сезімдерімен бөлісу қабілеті – нағыз көшбасшылық пен қиындықтарға қарсы тұра білу қабілетінің негізі. Ал жетістікке жету үшін, нағыз осы қасиеттер қажет. Демек, адам дұрыс ойласа, ол жетістікке жетеді, онымен бірге бүкіл қоғам да табысқа кенеледі. Профессор Юн қатысушыларды армандауға, үздік болуға талпынуға шақырды. Олардың сұрақтарына жауап бергеннен кейін, профессор жалпы фотосессияға қатысты.
Одан кейін сөз кезегін алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің экс-төрағасы Алик Шпекбаев тыңдаушыларға нақты мысалдар келтіре отырып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік», «Бизнес жол» жобалары, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында айқындалған іске асырылған және іске асырылуы жоспарланған антикорновеллалар туралы ақпарат жеткізді.
Жиынның соңы Мәдениет үйінің өнерпаздарының көмегімен қойылған шарамен түйінделді. Онда қазақтың ұлттық дәстүрін ұлықтаған әндер шырқалды.
Бұрым ОРЫНБАСАР.