Сот органдарының тұрғындармен өзара байланысының тиімділігін арттыру мақсатында 1401 бірыңғай байланыс орталығының жұмыс регламенті бекітілді. Осы арқылы байланыс орталығы сот ісін жүргізу мәселелері бойынша тұрғындар жедел ақпараттандырылады. Кез келген азамат 1401 республика бойынша бірыңғай телефон нөміріне хабарласып, өз сұрағын қоя алады. Орталық жұмыс уақытында қолжетімді болып табылады.
Байланыс орталығының арқасында азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері соттардың жұмысы бойынша анықтамалық және сот актілеріне шағымдану тәртібі, істі қарау нәтижесі, істі және сот тыңдауының қайта қарауға өтініш түсірілген күн туралы мәліметтерге қол жеткізеді.
Бұған қоса, байланыс орталығының қызметкерлері сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмыс әдісін, сондай-ақ Жоғарғы Сот басшылығының жеке қабылдауына жазылу тәртібін түсіндіреді.
Байланыс орталығының іске қосылуы нәтижесінде тұрғындардың сот жүйесінің жұмысы туралы хабардар болу деңгейі артты.
Р. МАХИНА,
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының бас маманы.
Сот органдарының байланыс орталығы online режимде қызмет көрсетуде
Home » Жаңалықтар » Цифровой Казахстан » Сот органдарының байланыс орталығы online режимде қызмет көрсетуде