Өткен аптаның жексенбісі күні Шамалған ауылдық округінде әкім сайлауы өтіп, жергілікті халық өз таңдауларын жасады. Ресми мәліметке сүйенсек, тұрғындардың басым көпшілігі Шамалған ауылының тумасы Бақыт Жақаевты жақтаған. Ауылдастарының сеніміне ие болған Бақыт Мырзабекұлы осы аптаның алғашқы күнінен бастап ауылдық округтің әкімі лауазымына тағайындалып, қызметіне кірісті.
Жаңа округ басшысын әкімдіктің ұжымына Қарасай ауданы әкімінің аппарат басшысы Ержас Тоқтасынов арнайы келіп таныстырды. Сондай-ақ ол Бақыт Жақаевтың өмірбаяны мен осы уақытқа дейін атқарған жұмысы жайлы айтып, белсенді тұрғындардың алдында алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Бакыт Жакаев – Шамалған ауылының тумасы. 1977 жылы дүниеге келген. Қазақ Ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы ҚР ІІМ жанындағы арнайы кәсіптік даярлық училищесінің тыңдаушысы болып бастаған. Одан кейінгі қызметтері төмендегідей:
2001-2004 жылдары – Алматы облысы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының Қарасай ауданы АКБ полиция взводының полицейі, Алматы облысы ІІБ Қарасай ауданының ІІБ жанында қылмыс жасаған күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторының айдауылдау бөлімшесінің командирі;
2004-2005 жылдары – Алматы облысы ІІБ Қарасай ауданының ішкі істер басқармасының патрульдік полиция бөлімшесінің полицейі;
2005-2006 жылдары – Алматы облысы ІІД ЖПБ жанындағы №1 Жол полициясы жеке батальонының жол полициясының кіші инспекторы – кіші жедел уәкілі;
2006-2013 жылдары – Алматы облысы ІІД ПІБ жанындағы №1 Жол полициясы жеке батальонының жол полициясы инспекторы;
2013-2018 жылдары Алматы облысы ІІД Жол-патрульдік полиция батальонының полицейі;
2018-2021 жылдары Алматы облысы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік практика бөлімінің инспекторы;
2021-2022 жылдары Алматы облысы ПД патрульдік полиция батальоны взводының командирі;
2022-2023 жылдары Алматы облысы ПД қарамағына еңбек етсе, 2023-2024 жылдар аралығында Қарасай ауданы полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының командирі болды.
Өз тілшіміз.