Жыр арнаған талай ақын ұлдарың,
Меніңдағы бар ойымды ұрладың.
Шабыт келіп сен жайлы ойлағанда,
Өлеңменен мадақтамай тұрмадым.
Саған әлем шын қызығып қарайды,
Хор қызындай тамсандырдың талайды.
Тек қазақтың Астанасы деп емес,
Сұлулықтың шын өзіне санайды.
Басқалардан бөлек қандай келбетің,
Құшағыңда талай жанды тербеттің.
Сендей қала таба алмаспын әуре боп,
Іздесем де шыр айналып жер бетін.
Қандай әсем сенің мына түр-тұрпатың,
Жаңғыртуға үлес қостың ұлт атын.
Шабытыма қанат берген, Астана,
Мен өзіңді әркез мақтан тұтамын!
Нұрхат САБЫРОВ,
Шамалған бекетіндегі
қазақ орта мектебінің оқушысы.