Бүгінде бүкіл әлем өте күрделі жағдайды бастан кешіп отырғаны белгілі. Ол – коронавирус індетінің жер-жерді аяусыз жайлап бара жатқаны.
Осындай ауыр кезде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, азаматтарымызды шыдамдылыққа, төзімділікке шақыра отырып, ел көңілінен шығатын көптеген шешімдер шығарды. Олар туралы Мемлекет басшысы кеше ғана мәлімдеп, ешкімнің де көмектен тыс қалмайтынын атап айтты. Бұл бүкіл халықтан қолдау тауып, ел-жұрттың ерекше ризашылық сезімін тудыруда.
Мәселен, Қасым-Жомарт Кемелұлы «Коронавирус індетіне байланысты баршамыз күрделі кезеңді өткеріп отырмыз. Бірақ, бұл – уақытша қиындық. Біз оны міндетті түрде жеңеміз!» дей отырып, айтарлықтай қолдау шараларын жария етті. Оның ішінде шағын және орта бизнес те бар. Яғни, әкімдіктер жергілікті кәсіпорындар өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді түрде сатып алуы, олар 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылуы тиіс.
Ал, бұл, сөз жоқ, біздер үшін үлкен қолдау, жақсы көмек деп есептейміз.
Уақытша қиындыққа мойымайық, оны бәріміз бірігіп міндетті түрде жеңеміз, ағайын!
Жалғасқан ДӘЛІБАЕВ,
«Дәулет-Серпін» ЖШС-нің директоры,
аудандық мәслихаттың депутаты.