Елбасы ұсынған «Ұлт жоспарының» 98-ші қадамын жүзеге асыру аясында және 2017 жылдың 11 шілдедегі «Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, елімізде 2018 жылдың 1 қаңтарынан төртінші деңгейлі бюджет ұғымы пайда болды. Осыған орай, енді салықтың алты түрі қалалық-ауылдық округтер бойынша төленеді: 101202 – төлем көзінен ұсталмайтын кірістер бойынша жеке табыс салығы; 104102 – жеке тұлғалардың мүлік салығы; 104302 – елді мекендердегі жерлердің жер салығы; 104401 – заңды тұлғалардан көлік құралдарына салығы; 104402 – жеке тұлғалардан көлік құралдарына салығы; 105430 – сыртқы көрнекі жарнаманы орналастыру ақысы.
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Т.Каримованың берген мәліметі бойынша, бұл салықтың барлығы Бизнес Сәйкестендіру Нөмірі (БСН) және нақты округтің аймақтық коды арқылы қалалық және ауылдық округтердің бірыңғай кіріс есебіне аударылады. Сонымен қатар, салықты аударуға қажет реквизиттер де белгілі.
Мысалы, Қаскелең қаласының тұрғындары көлік құралдарының салығын төлеу кезінде, жеке тұлғаны алсақ, салық коды – 104402, аймақ коды – 090506 және БСН – 130540008554 деп көрсетуі керек. Егер, азамат Бірінші Май ауылдық округінде тұратын болса және мүлік салығын жеке тұлға ретінде төлегісі келсе, төлем кезінде салық коды – 104102, аймақ коды – 090505 және БСН – 130340013345 деп белгілейді.
Немесе: Сіз Жамбыл ауылдық округінің аумағында тұрсаңыз және жер салығын төлегіңіз келсе, онда салық кодыңыз – 104302, аймақ кодыңыз – 090502 және БСН – 130640018723 болады. Бірақ, сіздің тұрғылықты жеріңіз Жамбыл ауылдық округі, ал, жер теліміңіз Қаскелең қаласында орналасқан болса, онда жер телімі орналасқан мекенжай бойынша Қаскелең қаласының реквизиттерін көрсету керек. Бұл жағдай салықтың барлық алты түріне қатысты. Бастысы, салықтар уақтылы және дұрыс, кестеде көрсетілген реквизиттер бойынша төленуі қажет.
Алушының бенефициарында
ЖБК: KZ24070105KSN0000000 – бірыңғай жинақталған кіріс есебі