Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қарасайлық еріктілер белсенділік танытып, барынша жан-жақты қол ұшын созуда. «Biz birgemiz» акциясы үнемі жалғасын табуда. Мәселен, Көксай ауылындағы «Сәтті» супермаркетінің демеушілігімен азық-түлік себеттері таратылды.
Қазіргі қысылтаяң кезең кімге де болсын оңайға тиіп жатқан жоқ. Әсіресе, уақытша табыс көзінен айырылған отбасылар үшін ауырлық туғызғаны сөзсіз. Бұл жағдайды ескерген Елбасы өз үндеуінде кәсіпкерлерді әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларды қолдауға шақырған болатын. Осыны негізге алған Көксай ауылындағы «Сәтті» супермаркеті Іргелі ауылдық округі әкімдігінің берген тізіміне сәйкес, шамасы келгенше көмекке мұқтаж 20 отбасыға азық-түлік жиынтығын дайындапты. Игі істі аталған округтің әкімдігі мен аудандық Жастар ресурстық орталығы мен еріктілер қолдап, жоғарыда көрсетілген отбасылардың үйлеріне дейін жеткізуге көмектерін көрсетті.
Бұрым ОРЫНБАСАР.