Президенттің биылғы Жолдауы еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына бағытталған нақты қадамдарды қамтиды. Әсіресе, ауыл шаруашылығына, зейнеткерлер мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтарға назар аударылғаны қуантты. Ауыл – қазақтың алтын бесігі, оның дамуы бүкіл елдің өркендеуіне әсер етеді. Жастарға арналған білім беру және жұмыс орындарын ашу бастамалары да өте маңызды. Біз үлкендер үнемі ел болашағы үшін алаңдаймыз, сондықтан бұл Жолдаудағы ұсыныстардың жүзеге асуын асыға күтеміз. Халық пен билік бірге жұмыс істесе, елімізді жаңа белестерге жеткізе аламыз.
Нағима Сағатқызы
Ұмтыл ауылдық округінің аналар төрағасы