2020 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енген «Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында ұстаздарды әлеуметтік қолдауға, мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Соның бірі – педагог-мамандарды аттестаттау жұмысы. Педагогтарды аттестаттаудан өткізудің жаңа форматының мақсаты білім беру қызметінің сапасын арттыру, мұғалімдерді ынталандыратын жаңа заманауи механизмдерді енгізу екендігі педагог қауымына таныс. Ендеше, аттестаттаудың өткізілу барысындағы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ретінде төмендегіге тоқталып өткенді жөн көрдік.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оларды оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламалары және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 14 мамырдағы №202 бұйрығына сәйкес, педагог тестілеуге өтініш беріп, біліктілік тестілеуінен оң нәтиже көрсеткен жағдайда өз өтініші негізінде аттестаттаудың екінші кезеңіне қатыса алады. Бұл тұста айта кетер жайт, мұғалімдер өздері таңдаған тестілеу күнін белгілей отырып онлайн түрде тіркелуге құқылы. Ережеге сәйкес педагог 5 жылда кемінде бір рет біліктілік санатын бекітуге(растауына) болатынын ескертеміз. 2020 жылдан бастап педагогтар өтінішті бірінші тестілеуге жазады, келесі кезекте аттестаттауға ұсынады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №202 бұйрығының І тарау 7-тармағына сәйкес педагогтардың өтініштерін қабылдау кемінде 15 күн бұрын, аттестаттаудың екінші кезеңінде, аттестаттауға өтініш біліктілік тестілеуінен кейінгі он күн ішінде жазылатын құжат ретінде қарастырылған. Біліктілік тестілеуі 1-рет тегін, қайта тапсыруы ақылы түрде жүргізіледі. Аудиторияда ұлттық біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылаулар орналастырылған. Бұл – мұғалімдердің тестіленуі әділ өтуіне ықпал етуші шара.
Педагогтарды аттестаттаудан өткізудегі қабылданатын құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы №202 бұйрығының 7-қосымшасында көрсетілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес қабылданады.
М. НУРСАПАЕВА,
Қарасай ауданы білім бөлімінің аға әдіскері.