Бүгін Қарасай аудандық мәслихаты «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Фракция жұмысын аудандық мәслихат депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Қаныбек Айтжанов жүргізді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Атчабаров, бөлім басшылары және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөніндегі Жол картасының Қарасай ауданы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе толық қаралып, фракция мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, барлық қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті шешімдер қабылданды.