гін «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бекжан Сүнбеков жүргізген отырысқа Алматы облыстық комиссиясының төрағасы Аманкелді Сембаев пен комиссия мүшесі Меруерт Молдашева қатысты.
Сонымен қатар Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров, аудан әкімшілігінің бөлім басшылары және аудандық бақылау комиссиясының мүшелері де жиында сөз сөйледі.
Күн тәртібінде көрсетілген бірінші мәселе Қарасай ауданының тұрғыны облыстық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасынан көмек сұрап келген, яғни тұрғынның мәселесі жер дауы. Төраға аталған мәселені назарына алып, аудан әкімшілігіне тапсырма берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудан басшысының орынбасары Рустам Атшабаров «AMANAT» партиясы Қарасай ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2023 – 2027 жылдарға арналған «Жол картасының» аясында салынып жатқан нысандар бойынша баяндама оқыды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе Іргелі ауылдық округіне қарасты Көксай ауылындағы 11 квартал тұрғындарының жол ашу мәселесі бойынша ауыл әкімі Арман Қамалбек даудың туындау себебін толықтай түсіндіріп, аталған мәселенің уақытша шешілгендігін жеткізді. Алайда мәселе сот процесінің шешімімен ғана толығымен шешілетіндігін айтып өтті.
Комиссия мүшелері аталған мәселені толығымен тыңдап, Партиялық бақылау комиссиясының назарына алды.
Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының консультанты Балнур Чегебаева «Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама оқыды. Осы арада аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жоба аясында бірқатар ұсыныстарын айтып, комиссия мүшелері өз тараптарынан қолдау білдірді.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, барлық қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тиісті шешімдер қабылданды.