Биылғы Тамыз кеңесі расыменде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы қатысуымен айрықша болды. Жиын барысында білім саласына қатысты біраз орнықты ойлар қозғалып, түрлі түйіткілді мәселелердің қатары қаралғаны осы салада еңбек етіп жүрген жандарға бір серпіліс болды деп ойлаймын.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тамыз конференциясы барысында білім саласындағы кейбір қордаланған мәселелерге байланысты Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеп, отандық білім беру жүйесі үнемі даму жолынан жаңылыспау керектігін айтты.
Ұстаздар қауымы үшін жалақының екі есеге өсуі – қуанышты жаңалықтардың бірі болды деп ойлаймын. Мұғалімдердің қызметін құрмет тұтып, еңбегін елеп ескеруі Ел Президентінің халыққа бір табан жақын болуының тағы бір айғағы деп білемін. Сонымен қатар, алқалы жиын барысында ұстаздардың бес күндік жұмыс жүйесіне көшуіне байланысты айтылған ойды толық қолдаймын. Менің ойымша, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында тынбай еңбек етіп, ағартушылық жолында жауапты қызмет етіп жүрген мұғалімдердің мәртебесі қашанда жоғары болғаны орынды.
Жарқын НҰРҒАЛЫМОВ,
Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы.