Осы аптаның басында «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Жиын барысында 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын бақылау және қадағалау, сондай-ақ, отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара әрекет етіп, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында құрылған топтың жұмысы таныстырылды.
Кеңестің отырысына Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің проректоры, «Асыл бала» республикалық қауымдастығы қоғамдық қорының төрағасы Зағипа Балиева қатысып, партия тарапынан атқарылатын жұмысқа қатысты ұсыныстарын білдірді. Жиында баспанаға қатысты мәселелердің реті де көтерілді. Ол жайында «Отбасы банкінің» өкілі Алмагүл Имашева сөз қозғап, қазіргі таңда жүріп жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып, оның тұрғындар үшін тиімді тұстарын да түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы Қарасай
аудандық филиалы.