Егемен еліміздің жарқын болашағы еңсесі биік, елдік ұстанымы берік талапты жастардың қолында. Яғни, білімпаз ұрпақ, талапты түлектерге артылар үміт те үлкен. Кеше осындай, қатарластарының алды болып, мектепті үздік аяқтаған «Алтын белгі» мен түрлі байрақты білім бәсекелерінде дара шыққан халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарын аудан әкімі Махаббат Садуақасұлы Бигелдиев арнайы марапаттады. Жүздерінде қуаныш пен толқыныс қатар тұнған …
Әдетте, шығармашылыққа көп жылдарын арнап, талай биіктерді бағындырып, жетістікке жеткен адамдар төл туындыларын жұртшылықтың назарына ұсынып, көрме ұйымдастырады. Бұл қалыпты жағдай. Ал, сейсенбі күні Қарасай ауданының тарихи- өлкетану музейінде бүлдіршіндердің және ересектердің қуыршақтар көрмесі болды. Қаламыздағы «Шаттық» шығармашылық орталығы (центр творчества «Радость») директоры Татьяна Фисенконың бастауымен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және кішкентай шеберлердің қабілетін …
Қазақтың дәстүрлі тағамдарын сөз еткенде, әрине, ұлттық сусындарын да шетте қалдыруға болмайды. Солардың ішіндегі шұбат ерекше дәмі мен аса пайдалылығының арқасында көп танылған. Ол кез-келген адамның шөлін қандыруға қауқарлы, талай дертке дауа қасиеттері сусындардың бірі. Қазіргі кезде, одан көптеген пайдалы өнімдер жасалуда. Соның бірі ретінде, түйе сүтінен жасалатын балмұздақты айтуға болады. Ондай өндіріс бүгінде еліміздің …
Кешіріңіз, бұл ақпараттың қазақ тілі қол жетімді емес.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты аса маңызды мақаласында «Туған жер» бағдарламасын да қолға алу ұсынылған. Осыған орай біз бүгін газетімізде «Туған жер» деген жаңа айдар ашып отырмыз. Алғашқа әңгіме ауданымыздың жер-су аттары турасында. Себебі, Ұлт Көшбасшысы өз мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді» деп атап көрсеткен …
…Әжесінің сөзіне қарағанда, ол кішкентайынан өзге балалардай жылап, мазасыз болмапты. Жанына музыка қосып қойса, бесікте тыныш жата береді екен. Тумысынан осындай ерекшелігі оның болашақта үлкен өнер иесі болатынын аңғартқандай. Нұрлыбек 3 жасынан бастап ыңылдап, өз мәнерінде ән сала бастаған. Ал, ең алғаш 4 жасында той сахнасына Қайрат Нұртастың «Телефон» әнімен шыққан. «Көп ақша берді ме?» …
Әйтей ауылдық округіндегі Үштерек орта мектебінде «Әжелер – отбасының ұйытқысы» атты байқау болды. Аталмыш округтің ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасы ұйымдастырған сайыстың мақсаты — қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен ұлттық құндылықтарын насихаттап, әжелердің өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу. Айта кету керек, бұған дейін округтің бірнеше ауылдарында әжелер ішінде іріктеу сайысы өтіп, аталған ақтық сында өз араларынан үздік …
Жуырда аудандық кітапхананың қызметкерлері жергілікті әртүрлі жастағы оқырмандарға ашық аспан астындағы кітапхана ұйымдастырды. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткен іс-шараға аталмыш мекеменің директоры Ұлдархан Өтеева басшылық етті. Ондағы мақсат жазғы демалыс кезінде оқушыларды, студенттерді және қала тұрғындарын оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға ақпарат ұсыну, сонымен қатар, кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау …
Жуырда Қаскелең қаласындағы «Достар» спорт кешенінде танымал палуан, РФ еңбегі сіңген спорт шебері, олимпиада және әлемнің бес дүркін чемпионы Қажымұрат Гацалов балалармен өзінің шеберлік сағатын жүргізді. Аталмыш орталықтың басшысы Мұса Мамедов ұйымдастырған бұл басқосуға әйгілі спортшыдан бөлек, еркін күрес федерациясының вице-президенті Адай Батырбекұлы және ҚР жалпы дене тәрбиесiнің жаттықтырушысы Эдуард Базров қатысты. Кездесу барысында Қажымұрат …
Қазір елімізде мектептер жанынан қамқоршылық кеңестері құрылуда. Білім саласындағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылатын бұл ұйымдар демеушілік қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалайды, сонымен қатар, оқыту мекемесінің өміріне етене араласып, әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың жүзеге асуына ат салысады, материалдық-техникалық базасын жақсартып, білім сапасының арта түсуіне ықпал етеді. Мектеп директорларының кеңеске мүшелікке құқы жоқ. Оның …