Ауданымыздағы елді мекендерді абаттандыру, инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Атап айтар болсақ, оңды өзгерістер Әйтей ауылдық округінде айқын байқалады. Мұндағы негізі сонау алпысыншы жылдары қаланған Еңбекші елді мекеніндегі көппәтерлі үйлердің аулалары абаттандырылып, орталық көшенің арық жүйесі қалыпқа келтірілген. Қазір алты бірдей үйдің алдындағы бейберекетсіздік түгелдей жойылып, балалардың ойын алаңдары пайда болған. Есік …
Білім беру стандарты тек белгілі бір білім деңгейін оқытса, ал, баланы шығармашылыққа баулып, оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, сөйтіп, жасөспірімдердің өзін үздіксіз жетілдіріп, қосымша білім алуын қамтамасыз етуде ата-аналар мектептен тыс мекемелердің көмегіне жүгініп жатады. Шынында да қосымша білім оқыту ғана емес, тәлім-тәрбие берудің таптырмас құралы. Өйткені, ол баланың мектептегі білімін дамытып тереңдете түседі, бос …
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Түркістан өлкесінде1 төңкерістің әкелген бір жаңалығы халық ағарту ісінің жаппай қолға алынуы еді. Төңкеріске дейін болған жадиттік мектептер мен қадым бағытындағы молдалардың медіреселері халықтың білімге жаппай білім алуға сұранысын қанағатандыра алмады. Верный қаласындағы Исхақия жәдиттік мектебі, Пішпек, Жаркент, Қапал қалаларындағы орыс-түземдік школаларды жылда біраз ғана бала бітіріп шығар еді. Совет …
Мейірімді медбикелердің жұмысы қашанда үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Дәрігер емінің нәтиже беруі де ең алдымен солардың ұқыптылығына байланысты. Сонымен қатар, бұл мамандық иесінің адамдарға түсіністік пен сүйіспеншілікпен қарауы да өте маңызды. Өзінің өмірін науқас адамдарды емдеуге арнаған Гүлзия Туралиеваны да осы жылы жүректі медбикелердің қатарына қосуға болады. Бұл салада жиырма жеті жыл еңбек еткен кейіпкеріміз …
Много лет трудится в системе здравоохранения нашего района врач-терапевт Забира Слямова. В ставшем родным коллективе центральной районной больницы ее любят, ценят, уважают не только как опытного врача, но еще и как наставника молодежи. А ее труд омечен Почетными грамотами и Благодарственными письмами как руководства района, так и областного управления здравоохранения. Появилась на свет Забира Айтеновна …
«Қазақстан-2050» Стратегиясының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі – қазіргі заманғы және тиімділігі жоғары денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру екені белгілі. Мұнда медицина саласында бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу үшін қоғамдық денсаулық сақтаудың барлық деңгейіне тиімді менеджмент енгізу, соның ішінде жаңа технологияларды жасау мен тәжірибеге ендіру талап етіледі. Соңғы жылдары ауданымызда, тіпті, Қаскелең қаласының өзінде көптеген жеке емдеу мекемелері …
Адам жанының арашашылары – медицина қызметкерлеріне деген көпшіліктің көңілі көне кезден айрықша десек, әсте ақиқаттан аттамағанымыз. Жалпы, басы ауырып, балтыры сыздамайтын жан жоқ. Сондай сәтте, болмаса, бойымыздан сәл-пәл сырқат белгісі біліне қалса, алды-артымызға қарамай-ақ желеңділерге асығып, жедел жүгіре жөнелетініміз де рас қой. Мұндайда өз кәсібінің шынайы шебері, жүктелген міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, мамандығына шын берілген …
«Он екі мүшең сау болса, сәулет емей немене, он саусағың сау болса, дәулет емей немене!» дейді дана қазақ. Сол айтқандай, мына жарық дүние есігін ашқан адам баласының ең басты, ең әуелгі байлығы – денсаулық. Ал, осы орайда «ақ желеңді абзал жандар» деп аялай айтатын сөзімізге алдымен арқау болатын, әрине, дәрігерлер. Қасиет дарып, құт-береке орныққан Қарасай …
Қазіргі таңда елімізде тыныштық-тұрақтылықты сақтау мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынып, іске асырылып жатыр. Соның бірі баршаға ең қажетті затқа айналған ұялы телефонға байланысты болды. Енді елімізде IMEІ коды бірыңғай базада тіркелмеген ұялы телефондар бұғатталады. Яғни, «Лаңкестікпен күрес туралы» заңға сай әрбір байланыс құрылғысының жеке коды арнайы базаға тіркелуі тиіс. Қазір ұялы байланыс операторлары осы базаны …
Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту болып табылады. Осы орайда, халықты еңбекке араластырып, әлеуметтік-экономикалық жағынан жәрдемдесу және іскер азаматтарды ынталандыру мақсатында 2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жүзеге асырыла бастады. Жоба еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті, дағдыларды …