Ауданымыздың 90 жылдығына орай ауданның орталық алаңында ойрат қалмақтары шапқыншылығының бастапқы кезеңдерінде ел тәуелсіздігі үшін қол бастап күрескен, зұлым жаудан қазақтың кең-байтақ сайын даласын қорғаған көрнекті тарихи тұлға Қарасай батырдың еңселі ескерткіші бой көтерді. Жетісу жеріндегі дәулетіне сәулеті жарасқан Қарасай ауданның 90 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтойлық салтанаттың екінші күні Қарасай батырға арналған ескерткіштің ашылуымен басталды. …
Қарасай ауданының 90 жылдық мерейлі мерекесін жұртшылықпен тойлау сәрсенбінің сәтті күнінде басталғаны баршаңызға белгілі. Игілікті іс-шаралардың ішінде қарасайлықтар мен алыс-жақыннан келген қонақтардың асыға күткені айтыс болды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, шет елдерден келген от ауызды, орақ тілді шайырлардың басы аудандық Мәдениет үйінің сахнасында бірікті. Айтыс десе ішкен асын жерге қоятын бұл кешке жиналған өнер сүйер қауымның …
Конференцияға қатысушылар Нағашыбек Қапалбекұлының пьесасы бойынша ауданымыздағы «Жастар театры» сахнаға шығарған «Қарасай батыр» спектаклін де тамашалады. Режиссері Бағлан Омаров. Актерлердің ойыны, музыкалық көркемдеу, сахнаның безендірілуі, бәрі-бәрі аты аңызға айналған қазақтың хас батырының ерліктері мен ол өмір сүрген дәуірдіңң рухын, тынысын анық аңғартты. Тарихи тұлғаның ерен қолбашылық қасиетімен қатар, ерекше адами келбеті де келісті бейнеленген. Спектакльден …
Мәдениет үйіндегі конференцияда «Қарасай – қасиетті атамекен» атты көркем безендірілген көлемді кітаптың тұсаукесері де болып, оның аясында жинақтың жарыққа шығуына үлес қосқан демеушілер мен редакция алқасы таныстырылды. Кітаптың алғашқы беттерінде Елбасы Н.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың, облыс әкімі А.Баталовтың, аудан әкімі Ж.Далабаевтың, мемлекет және қоғам қайраткері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Жүнісбековтың тілектері берілген. Сондай-ақ, кітапта аудан …
туралы ғылыми-практикалық конференцияда жан-жақты айтылды Ауданның 90 жылдық тойы Мәдениет үйіндегі «Қарасай батыр – Ұлы даланың тарихи тұлғасы» деп аталған ғылыми-практикалық конференциямен басталып, оны Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлі ашып, жүргізіп отырды. Алдымен сөз алып, облыс әкімі Амандық Баталовтың сәлемін жеткізген оның орынбасары Батыржан Байжұманов облыс экономикасында Қарасай ауданының үлкен …
Өлең тілімен айтқанда ғалым да, шахтер да бас иетін ерекше қасиетке ие ұстаздардың төл мерекесі ауданымызда осы аптаның алғашқы күнінде салтанатты жағдайда аталып өтті. Қарасайлық педагогтарды аудан әкімі Жандарбек Далабаев өзі құттықтап, еңбегі еленген жандарды марапаттап, мерейлерін өсірді. Бұл күні қатарда жүріп, қалтқысыз іске кіріскен мұғалімдермен қатар, өз өмірлерін шәкірт тәрбиелеуге арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін …
Жуырда Елтай ауылдық округіндегі Береке орта мектебінде көпшілікті қатты қуантқан, жиналғандарды жақсы риза еткен іс-шара өткізіліп, біз де соның куәсі болып қайттық. Ол «Жақсының жақсылығы жерде қалмас…» деп аталған, Жетісудың белгілі ақыны, сал-серісі Әшім Нұрлыбаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған әдеби кеш еді. Алдымен қасиетті Қарасай жеріндегі Октябрь (қазіргі Береке) ауылында туып-өскен, басынан қандай қиындықты …
Жұртшылықты Қаратал өзенінің жағалауында жинаған «JETISÝ ETNO STYLE» жастар фестивалі салт-дәстүр сабақтастығының ең жарқын көрінісін паш етті. Облысымыздағы ең үздік қолөнер шеберлерінің жұмыстары көрме барысында жұртшылыққа ұсынылып, көптің көңілін аудартты. Өз кезегінде әжелер қыздар қауымына тұрмыс-салт өнерлерін үйретсе, ал ұсталар ер-азаматтарға темір бұйымдарын жасау сәттерін көрсетті. 30-дан астам алаңда келушілерге этно-стильдегі мәдениет пен өркениеттің озық …