28 маусым – Шерхан Мұртазаның тілімен айтқанда, «жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» журналистер күні. Осы қалам иелерінің төл мерекесінің қарсаңында газетімізде өлеңдері жарық көріп тұратын қаскелеңдік жас ақын, болашақ журналист Батыржан Жұмаділов жайында айтып өтуді жөн көрдік. «Өнерліге – өріс кең» деген қазақтың мәдениетінде ақындық өнер екі топқа бөлінеді. Бірі асықпай, баппен жазатын жазба …
1980 жылдан бері ақпарат айдынында аянбай еңбек етіп, журналистика саласының тынымсыз тіршілігінде тілшілік қызметті атқарып келген, редакциямыздың жасы үлкен қаламгері Берікбай Қадықов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында «Қазақстанның Құрметті журналисі» атанды. Бұл марапат бұрынғылардан өзгерек…Иә, Берікбай Елеусізұлының еткен еңбегі еленіп жатқанына редакция ұжымы да қуанып жатыр. Расында, тәжірибелі тілші үшін бұл мерейлі атақтың орны …
Өткен аптада Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы болып, онда «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуының жай-жағдайы қаралды. Аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев қатысқан жиынды ашқан кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов қазіргідей қиын кезеңде бұл мәселенің өте маңызды екенін атап көрсетіп, осы бағыттағы жұмыстар барынша тиімді әрі сапалы жүргізілуі тиіс, деді. Мұнан кейін кеңес …
Кеше Ел Президентінің «Ана тілі» газетінде «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» деген атаумен сұхбаты жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әңгіменің басын әлемді әуреге салған коронавирус пандемиясымен байланыстырған екен. Сүбелі сұхбат барысында талай өзекті мәселенің айналасында сөз қозғалып, туған тіліміздің қолдану аясын кеңейтуге қатысты орнықты ойлар да айтылды. Әрине, Президентіміз тілдік проблемаға да ерекше тоқталып, …
Алдымен атап айтарым, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатымен танысып, мен өте риза болдым. Себебі, әңгіме барысында Президент қазіргі кездегі ең өзекті мәселелерге кеңінен тоқталған, тіпті, олардың әрбіріне жан-жақты талдау жасалған деуге де болар еді. Қасым-Жомарт Кемелұлы алғашқы кезекте бүгінде бүкіл әлемнің аяғын тұсап отырған атың өшкір жаман індет, онымен күрес …
Семнадцать лет назад еще при поддержке возглавлявшего тогда Алматинскую область Заманбека Нуркадилова в наши края привезли маралов. Так и было создано ТОО «Алатау-Маралы», возглавил которое Кенес Муралинов. Сегодня это единственное на земле Жетысу мараловодческое хозяйство стало прекрасным дополнением нашей флоры и фауны, а ещё, что немаловажно, вносит большой вклад в укрепление здоровья граждан. Находится оно …
Биыл, өздеріңіз білетіндей, Ұлы Жеңіске 75 жыл толды. Сол бір сұрапыл соғыста қаншама майдангерлеріміз опат болып, талайы жаралы күйде елге оралса, енді біразы жақындарымен қауышты. Отан үшін от кешкен сол бір батырлардың ерлігі мен есімдерін біз қашанда ұлықтап, олар жайлы қанша жазсақ та артық етпес. Осындай майдангерлердің қатарында, соғыс даласында ең керемет техника – «Катюшаны» …
Осыған дейін хабардар еткеніміздей, ағымдағы жылдың қазан айында Қайнар ауылының ауыз су мәселесі толығымен шешіледі. Бұл мақсатта аталған елді мекенде мамыр айынан бастап «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыс жүргізілуде. Дәл осындай жақсы істер Бекболат пен Жандосов ауылдарында да болады деп жоспарлануда. Бұлай деп айтуымызға негізгі себеп – аталған елдімекендерде қарқынды …
Ағымдағы жылдың 22 мамыры мен 22 маусымы аралығында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен, «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі – 2020» байқауы өткізілді. Байқаудың критерийлеріне сәйкес алғашқы кезеңде «Неге мен Үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын?» тақырыбындағы мотивациялық эссе жазып, сондай-ақ, бейне жауап жіберу арқылы кейстік тапсырманы жасау талаптары қойылған еді. Осы аталған талаптарды үздік орындап, …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеуде Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің бастамасымен мемлекеттер басшылары және үкіметтер жетекшілері деңгейінде өткен салтанатты іс-шараға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Молдова Президенті Игорь Додон, Сербия Президенті Александр Вучич, Тәжікстан …