«Құсбегілік өнер тек ер адамға ғана тән» деген ұйғарымды жоққа шығарған Айшолпан Нұрғайыпқызының есімі бүгінде төрткүл дүниеге танымал. Бүркітші қыз Моңғолия жерінде дүниеге келіп, ес білгелі құсбегілікті жанына серік еткен. Әлемнің үздік жоғары оқу орындары – Гарвард пен Оксфордтың шақыртуынан бас тартқан Айшолпан Нұрғайыпқызы бүгінде Қарасай ауданында орналасқан СДУ-да білім алады. Қазақстанды әлемге әйгілі еткен …
Полиция – тыныштыққа жауапты, халықтың қорғаны. Дегенмен олардың қызметтеріне көңілі толмайтындардың қатары аз емес. Тәртіп сақшыларына тұрғындардың қоятын талабы да, айтатын өтініші де бар. Көптің көңілінде жүрген осындай мәселелердің басын ашу үшін жақында ғана қызметке тағайындалған Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаевпен тілдескен едік. Жол-көлікке қатысты сұрақтарды қойып, елдің естігісі келетін ақпаратты …
Қараша халық пен биліктің ортасында алтын көпір іспеттес қызмет атқаратын ақсақалдар кеңесінің еңбегін ешқашан жоққа шығаруға болмайды. Олар – жұрттың мұңын мұңдап, жақсы істің ілгерілеуіне тілекші жандар. Қоғамдық мәселенің шешілуіне ықпал етіп, ұрпақтың ұлағатты болуына жол сілтейді. Ауыл ішіндегі осындай игі істерге себепші болып жүретіндердің қатарында Шамалған ауылдық округінің ақсақалдар кеңесі де бар. Оның төрағалық …
Биыл қымбатшылық қалтаға салмақ салып тұр. Қазақстанда Ресейге қарсы санкциялардың әсерінен күнбағыс майының да бағасы өсуі мүмкін. Бұл ретте аталған өнімді өндірушілер шикізатқа, шетел валютасына сатып алынатын қосалқы бөлшектер полиграфиялық өнімдердің (Ресей Федерациясында шығарылған этикетка, картон) қымбаттауы себеп болып отырғанын хабарлады. Одан қалды доллар курсымен байланыстырады. Осылайша бәрі бір-біріне себеп, әйтеуір. Әсіресе, соңғы уақытта сұйық …
Бір кітаптың мазмұнын бір ғана көрініспен түсіндірген Абай мектеп-гимназиясының ұстаздары көпшілікті тәнті етті. Сахналық қойылым өткен аптаның жұмасында Қаскелең гуманитарлы-техникалық колледжінің ғимаратында аудандық Аналар мен Қаскелең қалалық ардагерлер кеңестерінің ұйымдастыруымен өткізілген облыстық кітап конференциясы барысында көрермендер назарына ұсынылды. Шараға Алматы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Жамал Баймадиева және басқа аудандағы аталған ұйымның жетекшілері арнайы келіп қатысты. …
Осыдан екі ай бұрын ауданымызға қарасты Жібек жолы ауылдық округіндегі Қараой көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шығып, оның салдарынан алты адамнан тұратын Турениязовтар әулеті далада қалған еді. Оқиғаның болғанына екі айға жуық уақыт өтсе де баспана таппай әлек болып жүрген отбасы бүгінде аядай екі бөлмелі шағын үйді жалдап отырған туыстарының үйінде 10 адам болып паналауға мәжбүр. …
СДУ білімгерлері мүмкіндігі шектеулі оқушылар мен студенттерге арналған жобаларын ұсынып, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «BILIM Hackathon – 2022» IT байқауында ІІІ орынды иеленді. Сайысқа қатысушыларға түрлі тапсырмалар берілді. Студенттер еркін және берілген тақырып бойынша білім беру саласындағы цифрлық шешімдердің жобасын дайындады. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі үшінші орын СДУ студенттерінің командасына бұйырды. Болашақ IT …
Әлемдік ареналарда мемлекеттің абыройын арттырып жүрген мақтаныштарымыз жетерлік. Сондай саңлақ спортшылардың арасында қаскелеңдік Тимофей Патошов та бар. Жақында жерлесіміз Иордания елінің Амман қаласында өткен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатына қатысып, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Боксты серік еткен табанды Тимофей бұл әлемдік додаға Қазақстан құрамасының атынан 92+ салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қарсыластарына дес бермеген қарасайлық спортшы …
Қазіргі таңда аудан көлемінде Қаскелең қаласы және өзге де бірқатар елді мекендердің жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, осы аптада аудан орталығының кейбір, атап айтқанда, көлік қозғалысының қарқындылығына, халық санына және әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарына қарай кезең-кезеңімен жолдар мен …
С приходом весны в Каскелене начались работы по обрезке, а также по формовке деревьев и кустарников. Проводит их ТОО «Айша-Озеленитель». В первый день был сделан охват улицы Толе би. Со слов директора ТОО «Айша-Озеленитель» Айшам Нурузовой, обрезка деревьев проводится ежегодно – весной и осенью. В настоящее время в ней задействованы специалисты компании Андрей Барботькин и …