Сәрсенбінің сәтінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына арнайы келіп, халықпен жүздесті. Президент жұртшылықпен кездесуінде өлкенің еліміз үшін ерекше орны бар екенін атап өтіп, Алматы облысын бөлек әкімшілік аумақ ретінде құрудың және оның орталығын Қапшағай жағасына көшірудің маңыздылығына тоқталды. – Жұрттың өтінішіне сай қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді. Мұны, шын мәнінде, тарихи әділдіктің орнауы және …
Бүгін аудандық топ мүшелері Қаныбек Айтжанов, Ұлтай Бархинова, Амина Абдраманова Қаскелең қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді. Оның ішінде “кәріз жүйелерін жөндеу мәселесі” туралы өзекті мәселелерді талқыға салды. Жиында әлеуметтегі әлсіз тұстарын шешуге арналған Жолдаудың бағыттары мен мақсат-міндеттері түсіндірілді.
Бүгін аудандық ақпараттық топ мүшелері Алтын ауыл орта мектебінің атана-аналар комитетімен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, “Дербес білім беру ваучерлерін енгізу” бағыты бойынша пікір алмасты. Олар Жолдауды түсіндіру бойынша баяндама жасап, бұл Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан …
Осы аптада ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының «Нарынқол» шекара бөлімшесі орналасқан аттас елді мекеннің орта мектебінде ел шебін қорғау ісіне қосқан үлестері ерен ерікті жасақшыларды марапаттау рәсімі өтті. «Шекараны бүкіл халық қорғайды» қағидасының өміршеңдігін кезекті мәрте дәлелдеген шараға Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары подполковник Қ.Әділов, …
Бүгін аудандық штабтың мүшелері Перизат Әбдібайқызы мен Ольга Олеговна Қошмамбет ауылындағы Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінде тұрғындармен Президент Жолдауын талқылады. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында әлемдегі соңғы жаһандық сын-қатерлер ескеріле отырып, еліміздің ұлттық дамуындағы экономикалық және саяси жағдайдағы барлық аспектілер қамтылғаны атап өтілді. Сонымен қатар, жиында мемлекеттік бағдарламаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, …
Бүгін Ұлан ауылындағы Ұлан орта мектебінде аудандық штаб мүшесі Құралай Сайбырова тұрғындармен кездесу өткізді. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, студенттер қауымымен пікір алмасты. Жиын барысында Жолдаудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерге арналғанын атап өтті. Оның ішіндегі …
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД Қарасай аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар айына екі рет тіркеуге келуі тиіс. Олармен қайталама қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізіліп тұрады. Осындай жұмыстар аудандық пробация қызметінде тағы да атқарылды. Жазықты азаматтарға заң аясында ақпарат берілді.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараттық қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Шерхан Мұртаза, Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай «ТАҢШОЛПАН» телевизиялық жастар байқауын жариялайды. Конкурсқа жоғары оқу орындарының …
Бүгін Қарасай ауданының штабының мүшелері Әмина Абдраманова, Қаныбек Айтжанов, Ұлтай Бархинова ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесуде Жолдауда айтылған зейнет жасы туралы,көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек бағыттары толықтай түсіндірілді.
Бүгін аудандық штабтың мүшелері мен Райымбек ауылдық округі Бұлақты ауылының тұрғындарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оның барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына негізделген “Жеңілдетілген несиелеу бизнесті дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады ” тақырыбы талқыланды. Оның тиімді тұстары мен халыққа пайдалы жақтары айтылды.