Үш аусымдық – бүгінде Алматы облысындағы барлық дерлік аудандарды мазалаған мәселе. Жылда жаңа мектептер салынып, қолданысқа беріліп жатқанымен халық санының өсуіне байланысты білім ордаларында орын жетіспеушіліктер азаяр емес. Өңірдегі осы мәселені шешу мақсатында былтыр 710 орындық 4 мектеп салынып, қолданысқа берілген еді. Ал биыл 16 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның тоғызы 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. …
Каскеленку Танюшу Чеченеву (в девичестве Синенко) я знаю как человека активного, неравнодушного, разностороннего. Ее любят и ценят многие люди, с которыми ей когда-либо приходилось пересекаться, реализовывать совместные проекты, заниматься волонтерством. При всей своей нежности и изящности, она сильная духом, что позволило ей пережить утрату близких, преодолеть многие другие жизненные трудности. А надежным тылом для Танечки …
Көрген жерде жылы қабақ танытып: «Сәлеметсіз бе! Қалыңыз қалай?» деп қазақша амандық-саулық сұрасатын осы бір мейірімді жанды менің білетініме жиырма жылдай болыпты. Әлі сол қалпы дегіміз келгенмен, уақыт атты құдіреттің дегеніне пенденің көнбеске амалы қайсы. Апамыз бүгінде сексен жастың сеңгірінен асты. Бірақ соның өзінде жұмысын қойған жоқ. Ауданда өтетін іс-шара, жиындардан қалмайды. Қызметі – «Әйелдерді …
Живет в нашем районе яркая, неординарная личность – ветеран педагогического труда Акылия Бекбайкызы Бекбаева. Интересно то, что родилась она на родине великого Абая. Свадьба ее проходила в спортзале средней школы имени Абая, в городе Талдыкорган. В настоящее время живет она в городе Каскелен и продолжает трудиться в средней школе-гимназии имени Абая, где создала кабинет-музей «Мир …
Биыл Ұйғыр ауданының біраз ауылында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Экономиканың басты күретамыры саналатын жолды жөндеу – халық игілігі үшін жасалатын басты жұмыс. Ағымдағы жылы Ұйғыр ауданының көшелерін жөндеуге 1 млрд 146,9 млн.теңге қаржы қарастырылған екен. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 722,8 млн теңге, облыстық трансферттер есебінен 50,0 млн теңге, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасынан 525,5 …
Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Ақай Нүсіпбеков ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жалпы алаңы 320 шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысы 2022 жылы басталған болатын. Амбулаторияда 2 дәрігер және 5 медицина қызметкері жұмыс істейді. Жаңа ғимарат стоматологиялық құрылғымен, зертханалық, физиотерапиялық және ЭКГ аппараттарымен жабдықталған. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, емдеу орнында амбулаториялық қызметтен …
Аптаның сейсенбісі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Оның барысында Мемлекет басшысына облыс орталығы Қонаев қаласының Бас жоспары таныстырылды. Жобаны таныстырған «Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева Қасым-Жомарт Кемелұлына облыс орталығының аумағы 2050 жылға қарай 19 мың гектарға ұлғайып, халық саны 200 мың адамға жетеді деген болжам жасалып отырғанын айтты. Жоспарға сай қаланы …
«Ел іші – өнер кеніші», демекші ауылдарды аралай кетсең, неше түрлі шеберлерге, он саусағы өнеріне толы жандарды кезіктіріп жатасың. Бөлексаз деп аталатын ынтымағы ұйыған, берекесі мерекесіне ұласқан ауылда тұратын Қытайдан атамекенімізге оралған Змила Рақыш атты өнерлі келінді кездестірдік. Неше түрлі әдемі моншақтардан жасаған ыдыстарын көріп, тәнті болдық. Бұл дегеніңіз аталған нәзік жанның бойына біткен табиғи …
Кеген ауданында өз ісін жақсы білетін, тәжірибелі кітапханашылар аз емес. Солардың қатарында Жалаңаш ауылдық кітапханасының меңгерушісі Нұркүлсін Құдайбергенованың есімі құрметпен аталады. Жай кітапханашы емес. Бойына түрлі өнері жарасқан кітапханашы. Қаскелең қаласындағы қазіргі мәдениет колледжін «хор дирижері» мамандығы бойынша бітірген. Кейін сырттай оқып, кітапханашының мамандығын алған. Әуелетіп ән салып, тыңдарманын ұйытып тастайтын жайы бар. Мәдениет пен …
Иә, Жылысай ауылы шын мәнінде жүзінен нұры төгілген, табиғаты әсем, жып-жылы ауыл. Соған орай тұрғындарының да ынтымақ-бірлігі, тірлігі жарасымды. Берекесі мен мерекесі жарасқан ауыл уақытпен бірге өсіп-өніп келеді. Жылысай арқылы ғасыр құрылысы атанған әйгілі Мойнақ су электр стансасына барасың. Аталған су электр стансасының Жылысай ауылына да тигізген шапағаты аз емес. Ауыл ішін судай жаңа асфальт …