Ал, екінші бақытым – Тілім менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім, – деп жырлады ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» атты өлеңінде. Туған анаңның ақ сүтімен бойыңа даритын, жан-жүрегіңе ұялап қалатын туған тілің неткен құдіретке ие десеңізші?! Көзіңді ашқаннан көрген анаң қандай қымбат болса, туған тілің де сондай …
Аудан әкімінің Тұздыбастау ауылдық округі бойынша есеп беру баяндамасымен басталған кездесудің соңы тұрғындардың түйткілді мәселелерге қатысты сұрақтарымен жалғасты. Әр салаға жауапты саланың өкілдері тиісті жауабын да берді. Тұрғындарды тығырыққа тіреп, тіпті шарасыз күйге түсірген тұрмыстың түйткілдері қай жерде де аз емес. Жеке мәселесімен ғана емес, ортақ мәселелерін ортаға салған көпшіліктің қарасы қалың болды. Сұрақ қоюда …
В последнее время наметилась очень хорошая тенденция в изучении государственного языка. Отрадно, что у тех, кто за это взялся, есть ощутимые результаты. Такие люди – пример для остальных. Для этого достаточно иметь лишь желание и терпение. В Талгарском районе немало представителей различных этносов, прекрасно владеющих государственным языком. Одна их них – Кристина Гончарова. Родилась она …
Жазушы Ғұсман Жандыбаевтың: «Оттан түспеген ойлар» атты терең философиялық ойларға толы кітабын оқып шыққаным бар еді. Сол кітаптың бір тарауында: «Өмірді мәнді өткізу – адамдардың жүрегінде қалу. Егер адамдардың жүрегі пейіш десек, оның төріне бара алатын сенің шыбын жаның, ізгі жақсылықтарың ғана. Тозаққа түсу дегеніміз адамдардың жүрегінен орын тимей қалу» – деп жазғанына көзім түсіп, …
Білімін игі іске жұмсау үшін рух керек. Рухты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында жуырда «Үзеңгілестер» орталығы мен «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу» орталығының ұйымдастыруымен 5-6 жастағы балалар арасында таеквондодан жарыс өтті. Аудандық спорт кешенінде болған біріншілікке балабақшалар мен спорттық үйірмелерден балалар келді. Осы спорт түрінің ережесіне сай кимоно мен бас киімін киіп, шаршы алаңға шыққан балақайлардың тартысты жекпе-жегі …
Мемлекетіміз отандық кәсіпкерлікті қолдау мақсатында іскер жандарға барынша жағдай жасап келеді. Қарғалы ауылының тұрғыны Ермек Баймолдаұлы – сондай мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі. Ол мемлекет тарапынан ұсынылған қолдаудың арқасында бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр. Алдымен Ермек табиғи газбен жанатын пештер мен оған қажетті жабдықтар сатумен айналысуды қолға алды. Өйткені бұл істе тәжірибесі бар. Газ пештерін жөндеумен тікелей айналысып …
Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін 4 инвестициялық жоба жүзеге асады. Жалпы ауданға тартылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 90 млрд теңге шамасында. Нәтижесінде 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Ұзынағашта өткізген баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұрлан Ертас осылай деді. Аудан басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша бұл аймақта барлық …
С начала года имеющий большое социальное значение проект «Ауыл аманаты» реализуется и в Жамбылском районе, который занимает четвертую позицию в области. О том, как идет работа в этом направлении, рассказал директор районного филиала НПП «Атамекен» Олжас Тлепбергенов. С его слов на реализацию проекта району был выделен 1 млрд 551 млн тенге. Для получения льготных кредитов …
Жамбыл ауылындағы өнер мектебі еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқаруды мақсат еткен. Мұнда дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттау бағытында жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар оқушыларға инновациялық технологияларды пайдалану әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы шығармашылыққа баулу жолға қойылды. Осы мақсатта жуырда өнер мектебінде «Қосымша білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану …
Мемлекеттік қызметтерді онлайн-түрде алу үшін елімізде Egov-бұрыштар көптеп ашылуда. Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылында да осындай қызмет бар. Ол аталған ауылдық округ әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Қызметтің бұл түрін тұрғындарға Айбын Барысбеков көрсетеді. Ол бала кезінен ДЦП сырқатына душар болған. Алайда соған қарамастан өз міндетін ойдағыдай атқаруда. Себебі ол бұған дейін-ақ компьютерді жетік меңгеріп, ғаламторды …