Билік органдары мен қоғамды жан-жақты әрі шынайы, нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды салалардың қатары аз емес. Солардың бірі 1920 жылы 8 қарашада құрылған статистика органдары. Кеше аудандағы осы аталмыш басқарманың маман иелерін аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев салтанатты түрде құттықтады. Жалпы бұл саланың қызметі әлеуметтік-экономикалық даму барысын барынша айқындай отырып, ұлттық экономиканың қарқынын және тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды істі жоспарлауға ықпал етеді. Одан бөлек еңбеккерлердің ынтымақты жұмысы еліміздің алдағы бағыт-бағдарын айқындауға мол мүмкіндік беретінін қосып айтсақ та болады. Олар әр күнгі тынымсыз істері арқылы ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденіп, дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосып келеді.
Сонымен қатар, жиын барысында мекеменің бірқатар қызметкерлеріне аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың арнайы Құрмет грамотасы табыс етілді. Сондай-ақ, аудандық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Ақшолпан Мараттың да Алғыс хаттары тапсырылды. Өз кезегінде басқарма атынан, әрі басшысы ретінде Дина Нупбаева аудан әкімінің аппаратына ыстық ықыласын білдірді.
Бұрым ОРЫНБАСАР.