Жуырда Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы болып, оның жұмысын кеңес төрағасы Жанат Исағұлов жүргізді.
Алдымен күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету барысында атқарылып жатқан жұмыстар, көрсеткіштердің деңгейі, өзгерістер, жалпы денсаулық сақтау саласының мәселелері туралы» Қарасай клиникалық көпбейінді орталық ауруханасы директорының орынбасары Дәулет Қожанов хабарлама жасады.
– Клиникаға 284 449 адам тіркелген, – деп бастады ол өз сөзін. – Тәулік бойы жұмыс істейтін стационар жоғары мамандырылған медициналық көмек көрсетеді. Нақты қуаты 585 төсекті құрайды. 2023 жылы барлық органдар мен тіндерге арналған бағдарламалық жасақтамасы бар соңғы буындағы МРТ аппараты орнатылды. 437 дәрігер жұмыс істейді. Бір жыл ішінде 25 819 пациент емделді. Хирургиялық араласулар мен медициналық қызметтердің мынадай жаңа түрлері енгізілді:
– коронарография, коронарлық артериялардың стенттеу, ЭКС орнату;
– ми аневризмаларының эмболизациясы;
– простата аденомасының трансуретральды резекциясы;
– лор операциялары-аденоидктомия, септопластика, синусын ағызу, ламинопластика және басқалар;
– ретроградтық холангиопанкреатография;
– холедохты стенттеу, ЧХС;
– жамбас буынын, тізе буынын протездеу, операциялар;
– гемодиализ;
– лапароскопиялық операциялар, тромбэктомиялар, перифериялық тамырларға операциялар спектрі кеңейеді.
Аудандық аурухана балансында 48 автокөлік бар. Олардың 28-і 100% тозу дәрежесіне ие, ал қалған 20-сы қанағаттанарлық жағдайда (бірақ көбінесе күрделі жөндеуді қажет етеді). 28 көліктің ішінде 8 көлікті есептен шығару туралы шешім бар. Қалған 20 автомобиль үшін олардың техникалық жай-күйіне қатысты сараптамалық техникалық қорытынды жүргізу туралы өтінім берілді. Қазіргі уақытта шақыруларға қызмет көрсету және үйде медициналық көмек көрсету үшін, сондай-ақ ауыл тұрғындарын медицина қызметкерлерінің петронажымен уақтылы қамтамасыз ету үшін қызметтік автокөлік (10 бірлік) жеткіліксіз. Клиникамыздың шұғыл медициналық жедел жәрдем бригадалары 4-санат бойынша жылына 55 мыңнан астам шақыртуға қызмет көрсетеді. Осыған байланысты 2024 жылға арналған бюджеттік өтінімге мыналар берілді: 8 бірлік жедел жәрдем медициналық жәрдем автокөлігі (4-санат) және 3 санитарлық машина. Қосымша 7 бірлік санитарлық көлікті аурухананың меншігіне сатып алу туралы шешім қабылданды. Абай және Үштерек ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды. Қайнар ауылында жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ) мемлекеттік сараптамадан өтті және облыстық мәслихаттың қарауына 2025 жылға арналған (691 952 000 теңге) салу үшін қаражат бөлуге берілді. Қаскелең қаласында тәулік бойы 173 төсектік стационармен 500 келушіге арналған емхана салу (ЖСҚ мемлекеттік сараптамада). Көлащы ауылына МСАК салу (ЖСҚ мемлекеттік сараптамада), Шалқар, Бекболат, Ұлан ауылдарына дәрігерлік амбулатория құрылысы (ЖСҚ мемлекеттік сараптамада). Бұлақты ауылындағы дәрігерлік амбулатория ЖСҚ дайындалып жатыр. Қаскелең қаласында 100 төсектік инфекциялық корпус құрылысымен күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат дайындалуда. 2025 жылға қаражат бөлуге өтінімдер берілді: Кемертоған ауылында ауысымына 75 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу; Еңбекші ауылына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу; Әйтей ауылының дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу және қайта жаңарту; Тұрар ауылына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияны салу; Көкөзек ауылына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу; Жібек жолы МСАК ғимаратын жаңарту; Мерей ауылының ауысымына 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу; Үшқоңыр ауылдық ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеу.
Орталық аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеу, жобалық-сметалық құжат (ЖСҚ) мемлекеттік сараптамаға берілді. Мемлекеттік сараптама қорытындысы 2024 жылғы тамыз айыда күтілуде. Қаратөбе ауылында бір ауысымда 15 келушіге арналған ФАП жобалық-сметалық құжат аяқталды және мемлекеттік сараптамадан өтті.
Ал даму перспективаларымыз мынадай: Шұғыл хирургияда, гинекологияда, травматологияда аз инвазивті технологияларды енгізу; Эндоскопиялық қызметті дамыту; Каротид артерияларын стенттеу; Ұйқы артерияларының эндартерэктомиясы; Инсультті емдеуде аз инвазивті технологияларды енгізу; Пренатальды, неонаталдық скринингті енгізу; Электрондық құжат айналымын жаңғырту; Нейроваскулярлық (Нейротамырлық профильді ашу.
Мұнан кейін кеңес мүшелері Қаныбек Айтжанов, Сағат Мәсімақынов, Тұрғанбек Оразалиев, Мұхтар Байқұлов және төраға Жанат Исағұлов аудандағы медицина саласында оң өзгерістердің бар екенін, емдеу ісінде жаңа технологияның қолданылып жатқанын атап көрсетіп, дәрігерлердің жалақысы, тегін дәрі-дәрмекті берудің жай-күйі, ана мен бала өлімі, қан тазалайтын аппараттың жұмысы, ауылдардағы денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлермен қамтамасыз етілуі, оттегі баллондары жайында сұрап, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды, жұмыстың сапасын алда да одан әрі арттыра беруге шақырды, баяндамада халық денсаулығын сақтауға қатысты көп істің айтылғанына ризашылық білдірді.
Келесі кезекте кеңес мүшелері «Жамбыл ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстар. Өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары туралы» аталған округтің әкімі Еламан Өмербаевтың есебін тыңдады.
– Округтің құрамына 4 ауыл кіреді, 16 саяжай бар. Халық саны – 21185 адам. Округте 2 ірі өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. «KAZAKHTOOLS» фирмасы құрылысқа қажетті құрал-жабдықтар шығаратын зауыт құрылысын аяқтау үстінде. Инвастиция көлемі 386,0 мың теңге және 38 жұмыс орны құрылады. Округте шағын және орта кәсіпкерліктің 1181 субъектісі тіркелген, шағын кәсіпкерлі саны – 15, жеке кәсіпкерлер саны – 1077. Ауыл шаруашылығыда 89 нысан бар. 2024 жылдың 6 айында салықтың 8 түрі бойынша түскен түсім 246 млн 284 мың теңге немесе жоспар 129,4 пайызға орындалды.
Сондай-ақ Еламан Саматұлы электр қуаты, түнгі жарықтандыру, көше жөндеу және «Ауыл – ел бесігіі», «Ауыл аманаты» бағдарламасы, «Таза Қазақстан» акциясы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Бұл мәселе жайында Қаныбек Айтжанов, Сағат Мәсімақынов ұсыныс-тілектерін айтса, Мұхтар Байқұлов көптен бері сөз болып келе жатқан зират жөнінде сұрады. Ал кеңес төрағасы Жанат Исағұлов ауылшаруашылығы жұмыстарының жағдайына назар аударды.
Отырысты кеңес төрағасы Жанат Молдағұлұлы қорытындылап, қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Берікбай ҚАДЫҚОВ.