2017 жылғы 1 шілдеден бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден әлеуметтік төлемдер түсуде.
Биылғы наурыз айының 1-і мен 31-і аралығында түскен міндетті медициналық сақтандыру жарнасының мөлшері 7,7 млрд. теңгені құрады.
Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 2017 жылдың шілдесінен 2018 жылы наурыз айының соңына дейін МСҚ-ның Ұлттық банктегі шотына 55,1 млрд. теңге көлемінде қаржы аударылған.
Оның ішінде, 46,8 млрд. теңге (85% жуығы) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,3 млрд. теңгеге жуық қаржы (шамамен 15%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.
Алматы облысында көрсетілген кезеңдегі кірістердің жалпы сомасы 2 577 млн. теңгені құрайды. Көрсетілген мерзімде жұмыс берушілердің төлемдері 2035 млн. теңгені, жеке кәсіпкерлердің жарналары – 542 млн. теңгені құрады.
Міндетті медициналық сақтандыру бойынша барлық ақшалай түсімдер Қордың Ұлттық Банктегі шотында сақталады. Қордың жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының Үкіметі, ол сондай-ақ ұйымның қызметін бақылайды.
М. КЛЯН,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің сарапшысы.