Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жұмыстары бүгін қос кәсіпорында жалғасын тапты.
«Qazaqstan Kagazy Recycling » мен «Алтын Жұлдыз Textile» компанияларының қызметкерлерімен кездескен аудандық қоғамдық штаб мүшелері үміткердің Елбасымыздың ең сенімді серігі және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан тұлға екеніне тоқталды. Алдымен сөз алған аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары, штаб жетекшісі Ақшолпан Марат Қасым-Жомарт Кемелұлын Елбасының сарабдал саясатын сақтап, еліміздің тұрақты дамуын жалғастырып, мемлекет тізгінін ұстауға лайық тұлға деп атады. Әрі қарай сөз алған штаб өкілдері: аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақылия Бекбаева мен Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева баршаға ортақ игілік қалыптастырып, экономикалық жетістіктерімізді әр қазақстандықтың сезінуіне жағдай жасауды және заман көшіне ілесіп қана қоймай, оның алдыңғы легінде жүруге ұмтылып, үнемі өрлеп, өркендеуді көздеп отырған партия ұсынған кандидаттың нақтылы бағдарламаларын сөз етті. Ал, аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Аида Ақшалова Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында әр азаматтың дауыс беруі арқылы мемлекеттік билікті қалыптастыратын айтып, мекеменің жұмысшыларын әсіресе, жас буын өкілдерін белсенді болуға шақырды.
Б. ЕРМЕКҚЫЗЫ.