Кеше ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев телеарналар арқылы сөйлеп, еліміздегі қазіргі ерекше жағдайда байланысты атқарылып жатқан және алда атқарылатын жұмыстар жайында баяндады.
Оның барысында «Төтенше жағдай режимінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болды. Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар, олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды. Мен бұған дейін Дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынандай қосымша шешімдер қабылдадым» дей келе Президентіміз елге көрсетілетін көптеген көмек түрлерін атап айтты.
Оның ішінде мүгедектер мен жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың да бар екендігі бізді айрықша қуантып отыр. Яғни, олар да тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын болады.
Елімізде әлеуметтік мәселелерге бұрыннан көп көңіл бөлінетін. Ал, қазіргідей қиын кезеңдегі Мемлекет басшысының осындай оңды шешімдері бүкіл халқымызды шынымен қуантып отыр дей аламыз.
Тәжіғали ХОДЖАМҰРАТОВ,
«Жігер М» мүгедек спортшылар
федерациясының президенті.