Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Әйтей ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Нәтижесінде үміткерлердің ішінде 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін округ басшысы болған Жарқын Қатубаев жергілікті халықтың сеніміне ие болып, ең көп дауыс жинады.
Сайлау қорытындысына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің арнайы өкімімен Жарқын Қанатұлы 20 ақпаннан бастап Әйтей ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Осылайша ол бұрынғы қызметіне қайтадан кірісті.
Жаңа округ басшысын ауыл тұрғындарының алдында аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Жарқын Қанатұлы – Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылының тумасы. 1987 жылы дүниеге келген. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «қаржы» мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған. Одан кейінгі қызметтері төмендегідей:
2009-2010 жылдары –Шамалған ауылдық округінің жетекші маманы болса;
2010-2011 жылдары – Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы;
2011 жылдың сәуір-шілде айлары –Қарасай ауданының қаржы бөлімінің бас маманы;
2011 жылдың тамыз-қазан айлары – Қарасай ауданының Таусамалы ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2011-2017 жылдары Қарасай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары;
Ал 2017-2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаментіне қарасты Талдықорған қаласының Статистика басқармасының басшысы болса, 2018-2020 жылдары аталған департаменттің Құрылымдық статистика басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2020-2024 жылдары Әйтей ауылдық округінің әкімі болды.