Ауданымыздағы Сулейман Демирел университетінің стартаперлері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылай қолдауымен алғашқы отандық азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мобильді қосымша ойлап тапты.
«JobBer» деп аталатын бұл бастама жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, яғни, тапсырыс берушілердің (жұмыс берушілердің) және жұмыс іздеген адамдардың (жұмысшылардың) өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба. Бұл мобильді қосымшаның идеясы жоба авторларына нарықта тұжырымдаманы іске асыратын JB стартап компаниясын құруға жол ашты. Бағдарламаны әзірлегендер, JB стартапының негізгі серіктестері мен құрылтайшылары PhD докторы, университеттің экономикалық, әлеуметтік және іскерлік зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Әсел Изекенова және оның инженерлік және жаратылыстану факультенінің 4-курс студенті Ализаде Парвин.
Жалпы, ұялы бағдарлама ең алдымен, бейресми жұмыспен қамту нарығында көзделіп, оның негізгі пайдаланушылары студенттер, үйде жұмыс істейтін адамдар, еңбек өтілі немесе жас ерекшелігіне байланысты зейнеткерлер, белгілі бір себептермен ресми түрде жұмысқа орналаса алмайтын адамдар болмақ. Жоба жетекшісі Әсел Изекенова-ның айтуынша, жобаның бірегейлігі: «қызметкерлер тек мобильді платформаны қамтамасыз етпестен, сондай-ақ, үлкен тәжірибесі бар, бірақ, ұялы қосымшаларды пайдалану туралы толық білімдері жетпейтін қарт адамдар үшін қажетті ақпараттық сауаттылық бойынша жеке кеңестер жүргізетін кеңсе ұйымдастыруда.»
Android негізіндегі «JobBer» мобильді қосымшасы пайдаланушыларға өз ұсыныстарын үнемі бақылауды ұсынады. Жұмыс берушілер өз тапсырмаларын дербес басқара алады. Қарапайымдылық – қосымша жұмысының негізгі артықшылығы — электронды поштаның болуы және сол арқылы клиенттің және тапсырманы орындаушының тіркелуі қажет. Ұялы платформаның тұжырымдамасының үш негізгі компоненті Мақсат – Жауапкершілік – Ыңғайлылық. Сонымен қоса компания мемлекет қазынасына салық төлемдерін өтейді, бұл – жұмыскерге ресми түрде жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
– Аталмыш қосымша шын мәнінде мемлекетіміздің дамуына зор үлесін қосады деген сенімдемін. Жобаның бас серіктесі Тұңғыш Президент қорына ерекше алғысымды білдіремін. Себебі, қор қарапайым мысалдар арқылы өміршең, әрі әлеуметтік маңызы бар жобаларға әрдайым қол ұшын береді. Жоба авторларына тек қана сәттілік тілеймін, — деп лебізін білдірді СДУ ректоры Қанат Қожахмет.
Қазіргі уақытта жоба авторлары демеушілердің ұсыныстарын қарастыруға әзір.
Бақдәулет ТАЛИПОВ.