Қазіргі таңда, жол апаты мен көліктердің адам қағу сынды оқыс оқиғалардың көптеп кездесіп жатқаны рас. Олардың себебі де әртүрлі. Бірі белгілердің дұрыс қойылмауынан болса, екіншісі автокөлік иелерінің қырағалық танытпауынан болып жатады.
Жалпы, бүгінде Райымбек ауылдық округіне жаңа әкім тағайындалғаннан бері, көптеген өзгерістер орын алуда. Ең алдымен округтің жаңа басшысы Елжан Төленбаев осы мәселеге жіті қарап, тұрғындардың жолдан өту қауіпсіздігіне мән берді. Атап айтсақ, Райымбек ауылының орталық мешіті мен Кенен Әзербаев атындағы орта мектептің алдыларындағы ескірген жаяу жүргіншілер жолағын жаңартты. Бұдан бөлек, бұл жерге түнгі уақытта автокөлік иелері байқауы үшін шағылдырғыштарды да қою осы аптаға жоспарланып қойған.
Бақдәулет ТАЛИПОВ.