Карантин уақытында Алматының барлық өзге аймақтармен шектесетін шекаралары жабылып, 27 блокпост қойылды. Олардың сегізі Қарасай ауданында орналасқан. Санитарлық бекеттерде полиция мен санэпидемия саласының мамандары, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер демалыссыз кезекшілік етуде. Дәл осындай сын сағаттарында тұрғындардың денсаулығын ойлап, жүктелген міндеттерге жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген олардың еңбегі ерекше. Жуырда осы жауапты жұмыстарды бағалаған аудандық Жастар ресуртық орталығы еріктілермен бірігіп, Елтай ауылдық округі мен Алматы қаласы шектескен аумақта орналасқан №2 блок-бекеті қызметкерлерін өз қолдарымен дайындаған түскі астарымен тамақтандырды. Өз кезегінде ондағы жұмыс істеп жатқан мамандар, еріктілерге алғыстарын білдірді.
Айта кету керек, аталған бекетте қалаға кірген және қаладан шыққан автокөлік жүргізушілердің дене қызуы арнайы тепловизор құрылғысы арқылы тексеру, машиналарды дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.
Бұрым ОРЫНБАСАР.