Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті. Бұл елімізде орын алған жантүршігерлік оқиғадан кейінгі өткізілген кеңейтілген алғашқы отырыстың бірі еді. Оған арнайы қатысқан Президентіміз Қасым-Жомарт Токаев Үкіметке бірқатар мәселелерді жүктеді. Оның басым бөлігі мемлекет тұрақтылығына сақтауды бағытталған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арналды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылатынын айтты. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал білдіріледі. Мысалы, осы қор қаражатынан сирек ауруға шалдыққан балаларға көмек көрсетіледі, өйткені, көптеген отбасылар емдеу ақысын көтере алмайды. Қалаларда, аудандар мен ауылдарда балаларға спорттық нысандар салынып, дарынды балаларға көмек көрсетіледі. Мәдениетті қолдау да жолға қойылады. Әсем қала Алматыны қатігез трагедиядан кейін оңалтуға күш салынатын болады. Осы қор есебінен қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау білдірілетіндігі де оң шешім.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлының мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырғаны мені қатты қуантты. Президентіміздің әр Жолдауында педагогтардың мәртебесін көтеру жолында басым бағыт беріліп келеді. Бұл жолы да ол ұстаздарды назардан тыс қалдырмады. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа тәсілін ұсынды,
«Біз мектептерді қалай материалдық жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес. «Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім – мектептің жүрегі. Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.
Аталған отырыс барысында Мемлекет басшысы халықты алаңдатқан бірқатар мәселерге де асар назар аударды. Баршаңызды қиын уақытта нақтылы, батыл шешімдер қабылдай білген Президентіміздің бастамаларын қолдауға шақырамын.
Ақылия Бекбайқызы,
Қарасай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы.