Үстіміздегі жылдың 21-ші қаңтарында, Қарасай ауданының 90 жылдығы мен Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, музей қызметкерелері Еңбекшіқазақ ауданының орталығы – Есік қаласында орналасқан Есік археологиялық-өлкетану музейіне «Қарасай – қазыналы, құтты мекен» атты көшпелі көрме апарып, сондағы жұртшылықтың назарына ұсынды.
Көрмеге XIX-XX ғасырларда қолданыста болған тұрмыстық заттар, еңбек құралдары, Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы кезеңдерінен қалған дүниелер қойылды.
Аталған көрменің ашылу салтанатына жергілікті әкімдік және мәдениет қызметкерлері, студенттер, оқушылар қатысты.
Көрме осы айдың 28-ші қаңтарына дейін жалғасып, оны тамашалаушыларға өте жақсы әсер қалдырды.
Өз тілшіміз.