Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті Жолдауы аясында елдің даму жолындағы атқарылатын жұмыстарды жіктеп, оның бағыт-бағдарына қатысты міндеттерді анықтап берді.
Қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын арттыру үшін Жолдау барысында сенімді стратегиялық бағытта жүзеге асатын әлеуметтік, медициналық, білім сияқты бірқатар өзекті салалардың мәселелері қамтылып, құқықтық жаққа да баса назар аударылды.
«Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасын алға тартқан Президент заң аясында азаматтардың өтініштерін тыңдап қана қоймай, дұрыс және әділ шешім шығару маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, құқық қорғау және сот жүйелерінде реформаның қажет екені де айтылды. Әрине, мұндай бастамалардың арқасында заң үстемдігі жалғасып, әділетті шешімдер жедел бағытта жалғасатынына сенімдімін.
Ел Президенті экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша елімізде қылмыспен күрес саласын жаңғыртуды да міндеттеді. Соның аясында сот органдарының әділеттілік және заңдылық қағидасы орын алып, жұмыс сапасы жақсара түседі деп ойлаймын. Мұндай реформалар реті құқық қорғау саласын жетілдіріп, тиімді ететіні сөзсіз.
Біздің алдағы басты міндетіміз – жаңа жағдайдағы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыратын, жоспарға сай жұмысты жемісті түрде жүзеге асыру.
Мәди КӨШІКБАЕВ,
Қарасай аудандық сотының төрағасы.